Бала қауіпсіздігі функциясы, Minute minder функциясы – Инструкция по эксплуатации AEG SCN71800F0

Страница 11

Advertising
background image

Қалыпты жұмыс режимі орнағаннан кейін (есік жабылғанда), дыбыстық сигнал тоқтайды.

Ескерту сатысында кез келген түймешікті басып ескерту сигналын ажыратуға болады.

Бала қауіпсіздігі функциясы

Түймешіктер байқаусызда іске қосылып кетпес үшін, бала қауіпсіздігі функциясын

таңдаңыз.

Функцияны іске қосу үшін:
1. Тиісті белгіше пайда болғанша, Mode түймешігін басыңыз.

2. Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы жыпылықтайды.

3. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз.

Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы көрсетіледі.

Функцияны ажырату үшін:

1. Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы жыпылықтағанша, Mode түймешігін

басыңыз.

2. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз.
3. Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы сөнеді.

Minute Minder функциясы

Minute Minder функциясы дыбысты сигналды қажетті кезде орнату үшін қолданылады,

мысалы, рецепт бойынша пісіргенде қоспаны белгілі бір уақыт ішінде суытып алу

қажет болса, немесе жылдам суыту үшін мұздатқышқа қойған шөлмектерді ұмытып

кетпеу үшін ескерту құралын қажет еткен кезде қолданылады.

Функцияны іске қосу үшін:
1. Mode түймешігін тиісті белгі көрсетілгенше басыңыз.

Minute Minder индикаторы жыпылықтайды.
Таймер орнатылған мәнді (30 минут) бірнеше секунд көрсетіп тұрады.

2. Таймердің орнатылған мәнін 1 мен 90 минут аралығында өзгерту үшін таймер

тетігін басыңыз.

3. OK түймешігін басып құптаңыз.

Minute Minder индикаторы көрсетіледі.
Таймер жыпылықтай бастайды (min).

Кері санақ аяқталған кезде Minute Minder индикаторы жыпылықтайды да, дыбысты

сигнал естіледі.

1. Мұздатқыш камерадағы сусындарды алыңыз.

2. Функцияны ажыратыңыз.

Функцияны ажырату үшін:

1. Mode түймешігін Minute Minder индикаторы жыпылықтағанша басыңыз.

2. OK түймешігін басып құптаңыз.

3. Minute Minder индикаторы сөнеді.

Функцияны кез келген уақытта ажыратуға болады.

Суығырақ температураға қою тетігі мен Жылырақ температураға қою тетігін басып,

уақытты кез келген уақытта, аяқталардан бұрын өзгертуге болады.

Басқару панелі

11

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: