Не істерсіңіз, егер – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESF 2200 DW

Страница 25

Advertising
background image

2. Ірі сүзгіні алу үшін (C) майда сүзгіні

(B) мықтап ұстап, ірі сүзгіні (C) екі

жағын басыңыз.

3. Ірі сүзгіні (C) майда сүзгіден (B)

алыңыз.

C

B

4. Екі сүзгіні су мен шөткені қолданып

əбден жуыңыз.

5. Негізгі сүзгіні (A) алып сумен əбден

жуыңыз.

6. Негізгі сүзгіні (A) бастапқы орнына

салыңыз. Дұрыс салынғанына көз

жеткізіңіз.

7. Ірі сүзгіні (C) майда сүзгіге (B)

салыңыз. Олардың бір-біріне дұрыс

кірігіп орналасқанына көз жеткізіңіз.

8. Майда сүзгіні (B) негізгі сүзгіге (A)

салып, бекітілгенше сағат тілінің

бағытымен бұраңыз.

Сақтандыру туралы ескерту!

Құрылғыны сүзгілерін салмай іске

қосуға болмайды.

Сүзгілердің дұрыс орнатылғанына

көз жеткізіңіз. Сүзгілер дұрыс

салынбаса, жуу нəтижесі

қанағаттанғысыз болады жəне

құрылғыға нұқсан келеді.

БҮРІККІШ ТҮТІКТІ ТАЗАЛАУ
Бүріккіш түтікті ағытып алмаңыз.

Бүріккіш түтіктің тесіктері бітеліп қалса,

қалдықтарды жіңішке шырпымен

тазалаңыз.

ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ СЫРТЫН ТАЗАЛАУ
Құрылғының сыртын жəне басқару

панелін дымқыл, жұмсақ шүберекпен

тазалаңыз.

Тек бейтарап тазартқыш заттарды

қолданыңыз.

Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкелерді

немесе еріткіштерді (мысалы, ацетон)

пайдаланбаңыз.

НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...

Құрылғы жұмыс істей бастамайды

немесе жұмыс істеп тұрып тоқтап

қалады.

Алдымен ақаулықты түзету жолын

іздеңіз (кестеге қараңыз). Өзіңіз түзете

алмасаңыз, қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

Кейбір ақаулық орын алған жағдайда

ескерту кодтары көрсетіледі:

"Шаю жəне кідірту" бағдарламасының

индикаторы жылдам жыпылықтайды.

Шамамен 30 секунд бойы дыбыстық сигнал

ара-тұра естіліп тұрады.

Құрылғыға су құйылмай тұр.

"Баппен жуу 45°" жуу бағдарламасының

индикаторы өте жылдам жыпылықтайды.

Шамамен 30 секунд бойы дыбыстық сигнал

ара-тұра естіліп тұрады.

Тасқынға қарсы құрал қосулы.

Назарыңызда болсын! Тексеріп

көру алдында құрылғыны тоқтан

ажыратыңыз.

Ақаулық

Ықтимал себебі

Ықтимал шешімі

Бағдарлама басталмай тұр.

Қуат ашасы розеткаға

сұғылмаған.

Ашаны розеткаға қосыңыз.

Құрылғының есігі ашық тұр.

Құрылғының есігі ашық тұр.

electrolux 25

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: