Инструкция по эксплуатации Electrolux ESF 2200 DW

Страница 20

Advertising
background image

Жуғыш зат үлестіргішін толтыру

1. (A) түймешігін басып жуғыш зат

үлестіргіштің қақпағын (B) ашыңыз.

A B

2. Жуғыш затты (шамамен 15г) (C)

бөлігіне салыңыз. Қорапшаның

жуғыш затты əр түрлі мөлшерде (15

г жəне 25 г) салуға болатын екі бөлігі

(D) жəне (E) бар. Жуғыш

таблеткаларды қорапшаның (E)

бөлігіне салыңыз.

C

D

E

3. Жуғыш зат үлестіргішін жабыңыз.

Қақпаты бекітпесі орнына түскенше

басыңыз.

4. Егер бағдарламаның алдын ала жуу

циклы болса, жуғыш зат

үлестіргіштің қақпағына жуғыш

заттан аздап (шамамен 3 г)

салыңыз.

Қысқа жуу бағдарламаларын

қолданғанда жуғыш таблеткалар

əбден ерімеуі жəне бағдарлама

аяқталғанда жуғыш заттың

қалдықтары ыдыста қалуы мүмкін.

Жуғыш таблеткаларды ұзақ

бағдарламаларды қолданған кезде

пайдалануды ұсынамыз.

ТАБЛЕТКА ТƏРІЗДІ ҚҰРАМА ЖУУ

ЗАТТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Бұл таблеткалардың құрамында жуғыш

зат, шайғыш зат жəне ыдыс жуғыш

машинаға арналған тұз бар. Кейбір

таблеткаларда басқа да жуғыш заттар

болады.

Тұз жəне шайғыш заты бар таблетканы

қолданғанда, тұз сауыты мен шайғыш

зат сауытын толтырмаңыз. Шайғыш

заттың жəне тұздың индикаторы

құрылғы қосулы тұрған кезде жанып

тұрады.

Шайғыш затты үлестіру мөлшерін 1-ге

қойыңыз.

Бұл таблеткалардың тұратын

жеріңіздегі судың кермектігіне (жуғыш

құралдардың орамындағы нұсқауларға

қараңыз) сай келетініне көз жеткізіңіз.

Жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне

хабарласып тұратын жеріңіздегі судың

кермектігін анықтап біліңіз.

Жуғыш зат, тұз жəне шайғыш затты

қайта жеке қолдану
1. Тұз сауыты мен шайғыш зат

үлестіргішін толтырыңыз.

2. Бағдарламаны ыдыс салмай

бастаңыз.

3. Бағдарлама аяқталған кезде

шайғыш зат үлестіргіштің орнын

реттеңіз.

20 electrolux

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: