Инструкция по эксплуатации Texet ТМ-513R
Страница 56
55
Төменде сипатталған мәселелер пайда болған жағдайда
алдымен оларды берілген кеңестерді қолдана отырып,
өз бетіңізше шешуге тырысқан жөн. Берілген кеңестер
көмектеспеген жағдайда teXet қолдау қызметіне немесе
авторландырылған сервистік орталықтың мамандарына
хабарласыңыз.
Келесі әрекеттерді орындау алдында:
• аккумулятор зарядталғанын;
• құрылғыны қайта жүктеуден кейін ақаудың сақталатын-
сақталмайтынын;
• құрылғыны реттеудің дұрыс жасалғанын тексеріңіз.
Құрылғыны реттеу кезінде қателер жіберген болсаңыз
немесе енгізілген өзгертулердің дұрыстығына сенімді
болмасаңыз, жүйенің бастапқы реттеулерін қалпына
келтіріп көріңіз.
Реттеулерді қалпына келтіру үшін келесі әрекеттерді
орындаңыз:
• құрылғы мәзіріне кіріңіз;
• «Реттеулер» тармағын ашыңыз;
• «Реттеулерді ысыру» опциясын таңдаңыз;
• 1122 құпия сөзін енгізіңіз және әрекетті растаңыз;
• телефонды қайта жүктеңіз.
Мәселелер
Пайда болуының
ықтимал себептері
Шешімдер
Жад картасы
жұмысындағы
ақаулар
Жад картасы ақаулы
немесе дұрыс
орнатылмаған.
Карта өзіне арналған
ұяшыққа салынғанына
көз жеткізіңіз.
Карта дұрыс жағымен
салынғанына көз
жеткізіңіз.
Жад картасын шығарып,
қайта салып көріңіз.
Телефонды қайта жүктеп
көріңіз.