Қауіпсіздік техникасының маңызды ережелері – Инструкция по эксплуатации d&b D80

Страница 4

Advertising
background image

Графикалық белгілердің мағынасы

Үшбұрыш ішіндегі найзағай белгісі пайдаланушыға

құрылғы корпусында электр тогының соғуына әкелуі

мүмкін ажыратылмаған «қауіпті электр кернеуінің»

бар екендігі туралы ескертеді.

Үшбұрыш ішіндегі леп белгісі пайдаланушыға

өніммен бірге берілген құжаттамада пайдалану

бойынша маңызды нұсқаулардың бар екендігі

туралы ескертеді.

Осы өнімді пайдаланбас бұрын, төменде берілген

қауіпсіздік техникасы ережелерінің сәйкес

тармақтарын мұқият оқып шығыңыз.

1. Бұл нұсқаулықты кейінгі пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
2. Бұл нұсқаулықты оқып шығыңыз.
3. Барлық ескертуге назар аударыңыз.
4. Барлық нұсқауды орындаңыз.
5. Суды немесе басқа да сұйықтықтарды құрылғыдан алшақ

ұстаңыз. Сұйықтығы бар ыдыстарды, мысалы сусындарды

құрылғының үстіне қоймаңыз.

6. Құрылғы ылғалды болғанда немесе ылғалды жерде

тұрғанда, оны қолданбаңыз.

7. Жерге тұйықтау сымы электр қауіпсіздігі мақсатында

жерге қосылған кезде ғана құрылғыны пайдаланыңыз.

Жерге тұйықтау айырын пайдалану бойынша қауіпсіздік

шараларын сақтаңыз. Жерге тұйықтау айырының екі

жалпақ контактісі мен бір жерге тұйықтау контактісі бар.

Үшінші контакт қауіпсіздік мақсатында орнатылған. Егер

берілген айыр розеткаға сәйкес келмесе, электршімен

ескі розетканы ауыстыру туралы кеңесіңіз.

8. Электр сымы зақымданған немесе ескірген жағдайда,

құрылғыны қолданбаңыз. Қуат сымының, әсіресе айыр

орналасқан жерінің және қуат сымының құрылғыдан

шығатын жерінің басылып кетпеуін немесе қысып

қалмауын қадағалаңыз.

9. Құрылғы 19 дюймдық тіреуде қолдануға арналған.

Монтаждау бойынша нұсқауларды орындаңыз.

Дөңгелектері бар тіреу қолданылған жағдайда, жүктеулі

тіреуді жылжытқанда сақ болыңыз.

10. Осы құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса немесе

найзағай жарқырағанда, оны қуат көзінен ажыратыңыз.

11. Шығыс контактісін кез келген басқа дыбыс күшейткішінің

кіріс немесе шығыс контактісіне немесе жерге

жалғамаңыз. Бұл құрылғының зақымдануына немесе

электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.

12. Құрылғыға жалғанған барлық кабельді оларды көлік

немесе басқа да жабдық зақымдамайтындай, сондай-ақ

оларға ешкім басып кетпейтіндей немесе сүрініп

қалмайтындай етіп орналастырыңыз.

13. Барлық жөндеу жұмыстары бойынша білікті техникалық

қызметкерлерге хабарласыңыз. Құрылғы төмендегідей

зақымданған жағдайда, құрылғыны жөндеу талап етіледі:

– Қуат сымы немесе айыр зақымданды.
– Құрылғыға сұйықтық төгілді.
– Құрылғыға зат құлады.
– Құрылғы жаңбыр астында қалды немесе ылғалды жерде

тұрды.

– Құрылғы дұрыс жұмыс істемейді.
– Құрылғы құлатылды немесе корпус зақымданды.
– Үстіңгі немесе астыңғы қақпақтарды шешпеңіз.

Қақпақтарды шешу қауіпті жоғары кернеу әсеріне

ұшыратуы мүмкін. Құрылғы ішінде пайдаланушының өзі

жөндей алатын бөлшектер жоқ, сондықтан, қақпақтарды

шешсеңіз, кепілдіктің күші жойылуы мүмкін.

14. Желілік айырды ажырату құралы ретінде қолданыңыз

және оның қолжетімді болуын қадағалаңыз. Егер желілік

айыр құрылғының 19 дюймдық тіреуге орналастырылуына

байланысты қолжетімді болмаса, онда бүкіл тіреуге

арналған желілік айыр қолжетімді болуы қажет. Желілік

айырды ажырату құралы ретінде қолданыңыз және оның

қолжетімді болуын қадағалаңыз.

15. Тәжірибелі пайдаланушы жабдықтың жұмысын, әсіресе

оны тәжірибесі жоқ ересектер немесе балалар

пайдаланса қадағалап тұруы қажет.

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

d&b D80 Руководство 1.7 ru

4

Advertising