Мұздатқыш камераның мұзын еріту, Ауа өткізетін саңылауларды тазалау, Құрылғыны қолданбаған кезде – Инструкция по эксплуатации AEG SKS58200F0

Страница 15

Advertising
background image

МҰЗДАТҚЫШ КАМЕРАНЫҢ

МҰЗЫН ЕРІТУ

Үстіңгі камераның айналасына

белгілі бір мөлшерде әрқашан қырау

жиналады.

Мұздатқыш камераның қырауының

қалыңдығы шамамен 3-5 мм болған

кезде, оны жібітіңіз.

Қырауды кетіру үшін мына әрекеттерді

жасаңыз:

1.

Құрылғыны сөндіріңіз.

2.

Ішінде тағам тұрса, оны алып, бірнеше

қабат газетке ораңыз да, салқын жерге

қойыңыз.

3.

Есікті ашыңыз.

4.

Мұзды ерітіп болғаннан кейін

құрылғының ішін жақсылап құрғатыңыз.

5.

Құрылғыны қосыңыз.

6.

Температура түймешесін ең үлкен

суықтыққа қойыңыз да, құрылғыны осы

параметрде тұрған қалпы екі немесе үш

сағат жұмысқа қосыңыз.

7.

Алдында алып қойған тағамдарды қайта

салыңыз.

Назарыңызда болсын!

Буландырғыштағы қырауды ешқашан

өткір металл қырғышпен қырмаңыз,

оны бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Мұзды

жылдам еріту үшін өндіруші ұсынған

құралдардан өзге механикалық

немесе басқа жасанды заттарды

ешқашан қолданбаңыз. Құрылғының

мұзын еріту кезінде, оралып

мұздатылған тағамдардың

температурасының жоғарылауы

олардың қауіпсіз сақталу мерзімін

қысқартуы мүмкін.

АУА ӨТКІЗЕТІН САҢЫЛАУЛАРДЫ ТАЗАЛАУ

C

A

B

1.

Жақтаушаны (A), содан кейін желдеткіш

торды (B) алыңыз.

2.

Желдеткіш торкөзді тазалаңыз.

3.

Ауа дефлекторын (C) еппен тартып

шығарыңыз, онда еріген мұздың суы

жиналмағанын тексеріңіз.

4.

Құрылғының астыңғы жағын

шаңсорғышпен тазалаңыз.

ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНБАҒАН

КЕЗДЕ

Құрылғыны ұзақ уақыт бойы қолданбаған

кезде мына сақтық шараларын орындаңыз:

1.

құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз

2.

барлық тағамдарды шығарыңыз

3.

құрылғыны жібітіп, оны керек-

жарақтарымен қоса тазалаңыз

4.

Жағымсыз иіс пайда болмас үшін есік/

есіктерді ашық қалдырыңыз.

Егер құрылғыны қосып қалдыратын

болсаңыз, электр қуаты өшіп қалған

жағдайда ішіндегі тағам бұзылып

кетпес үшін басқа бір адамның

арасында бір рет бақылап қойып

отыруын сұраңыз.

ҚАЗАҚ

15

Advertising