Қауіпсіздік нұсқаулары – Инструкция по эксплуатации AEG L59869FL

Страница 4

Advertising
background image

• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын

өзгертпеңіз.

• Ең көп салмақ 6 кг көрсетілімін орындаңыз

("Бағдарлама кестесі" тарауын қараңыз).

• Егер қуат көзі сымына зақым келген болса,

қатерден сақтану үшін оны өндіруші немесе оның

техникалық қызмет көрсетуші агенті немесе сол

сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.

• Судың жұмыс кезіндегі қысымы (ең аз және ең

көп) 0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа)

арасында болуға тиіс

• Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар

болса) кілем кедергі жасамауға тиіс.

• Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су

жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта

пайдалануға болмайды.

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

2.1 Орнату

• Орам материалдарының және

тасымал тетіктерінің барлығын

алыңыз.

• Тасымал тетіктерін сақтап қойыңыз.

Құрылғыны қайта көшірген кезде,

барабанды бұғаттап қою керек.

• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз

немесе іске қоспаңыз.

• Құрылғыны температурасы 0 °C

градустан төмен немесе ауа-райы

әсер ететін жерлерге орнатпаңыз

немесе пайдаланбаңыз.

• Құрылғымен бірге берілген орнату

бойынша нұсқауларды орындаңыз.

• Құрылғы орнатылатын еденнің тегіс,

орнықты, қызуға төзімді және таза

болуын қамтамасыз етіңіз.

• Құрылғыны есігі толық ашылмайтын

жерге орнатпаңыз.

• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі

абай болыңыз, себебі салмағы

ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын

киіңіз.

• Құрылғы мен еден арасында

ауаның айналуын қамтамасыз

етіңіз.

• Құрылғы мен кілемнің арасында

тиісті орын болуын қамтамасыз ету

үшін өзгермелі тіректерін реттеңіз.

Электртоғына қосу

Назарыңызда болсын!

Өрт шығу және электр қатеріне

ұшырау қаупі бар.

• Құрылғыны міндетті түрде жерге

тұйықтау қажет.

• Техникалық ақпарат

тақтайшасындағы электр

параметрлерінің электр желісіндегі

параметрлерге сай келетініне көз

жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге

хабарласыңыз.

4

www.aeg.com

Advertising