Тұмшапеш - пайдалы ақыл-кеңес, 5 тұмшапештің сөресі мен қуыру табасын бірге қою, 1 торт пісіру – Инструкция по эксплуатации AEG 47005VC-WN

Страница 18: 2 балық пен етті пісіру, 3 пісіру уақыттары

Advertising
background image

10.5 Тұмшапештің сөресі мен қуыру табасын бірге қою

Тұмшапеш сөресін қуыру табасының

үстіне қойыңыз. Тұмшапештің сөресі

мен қуыру табасын сөре

сырғытпаларына қойыңыз.

11. ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС

Сақтандыру туралы ескерту!

Өте сулы қоспадан жасалған

тортты пісіру үшін шұңғыл

табақты қолданыңыз. Жемістің

шырыны эмаль қаптамаға

кетпейтін дақ қалдыруы мүмкін.

• Пештің сөре қойылатын төрт қатары

бар. Сөре қатарларын құрылғының

астынан бастап санау керек.

• Түрлі тағамдарды бір мезгілде

пештің екі деңгейінде пісіруге

болады. Сөрелерді 1-ші және 3-ші

деңгейге қойыңыз.

• Құрылғының ішіне немесе есігінің

шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл

қалыпты жағдай. Тамақ пісірген

кезде есікті әрқашан артқа шегініп

барып ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін

тамақ пісірер алдында пешті 10

минут іске қосып қойыңыз.

• Құрылғыны пайдаланып болғаннан

кейін ылғал жерлерін сүртіп

отырыңыз.

• Заттарды құрылғының табанына

тура қоймаңыз және тағам пісірген

кезде құрылғының бөлшектерін

алюминий фольгамен жаппаңыз.

Бұл пісіру нәтижесіне әсер етіп,

пештің эмаль қаптамасын бүлдіруі

мүмкін.

11.1 Торт пісіру

• Пісіруді бастамай тұрып пешті 10

минут қыздырып алыңыз.

• Пісіру уақытының 3/4 мөлшері

өтпейінше пештің есігін ашпаңыз.

• Бір уақытта екі пісіру сөресін

пайдалансаңыз, олардың

арасындағы бір қатарды ашық

қалдырыңыз.

11.2 Балық пен етті пісіру

• Салмағы 1 кг-нан аз етті пісірмеңіз.

Етті тым аз мөлшерде пісіргенде, ол

тым құрғақ болып піседі.

• Өте майлы тағамды пісірген кезде,

пеште кетпейтін дақ қалып қоймас

үшін май жинайтын табаны

қолданыңыз.

• Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны

турамай тұрып 15 минуттай қоя

тұрыңыз.

• Тағамды қуырған кезде пештің іші

қатты түтіндеп кетпес үшін, май

жинағыш табаға аздап су құйыңыз.

Түтін жиналып қалмас үшін суы

сарқылған сайын үстінен су құйып

отырыңыз.

11.3 Пісіру уақыттары

Пісіру уақыты тағамның түріне,

құрылымына және мөлшеріне

байланысты.

Бастапқы кезде, тағамның қалай

пісірілетініне назар аударыңыз. Осы

құрылғыны қолданған кезде, ыдысқа,

рецептілерге және тағамның

мөлшеріне барынша сай келетін

18 www.aeg.com

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: