Ақаулықты түзету, 1 кіріспе, 2 ықтимал ақаулықтар – Инструкция по эксплуатации AEG L86560TL

Страница 29

Advertising
background image

НАЗАРЫҢЫЗДА

БОЛСЫН!

Құрылғыны қайта іске

қолданар алдында

температураның 0 °C

градустан жоғары екеніне

көз жеткізіңіз. Төмен

температураға

байланысты орын алған

ақауларға өндіруші

жауапкершілік көтермейді.

13. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

НАЗАРЫҢЫЗДА

БОЛСЫН!

Қауіпсіздік тарауларын

қараңыз.

13.1 Кіріспе

Құрылғы жұмыс істей бастамайды немесе жұмыс істеп тұрып тоқтап қалады.

Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз (кестеге қараңыз). Әйтпесе қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

Кейбір ақаулықтарда дыбыстық сигналдар қосылады және бейнебетте ескерту

хабары көрсетіледі:

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!

Тексеріп көру алдында құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.

13.2 Ықтимал ақаулықтар

Ескерту хабарлары көрсетілетін ақаулар

Хабар

Ықтимал шешімі

Бейнебетте шүмекті

тексеру керек деген

ұсыныс көрсетіледі:

құрылғыға су құйылмай

тұр.

Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.

Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте

төмен емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты

жергілікті су ресурстары мекемесіне хабарласып

алыңыз.

Судың шүмегінің бітеліп немесе әк шөгінділерінің

жиналып қалмағанына көз жеткізіңіз.

Су құятын түтіктің сүзгісі мен клапанның сүзгілерінің

бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз. "Күту менен

тазалау" тарауын қараңыз.

ҚАЗАҚ

29

Advertising