Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде есікті ашу, Бағдарламаны біржола тоқтату, Бағдарламаның соңы – Инструкция по эксплуатации AEG F55400VI0P

Страница 14

Advertising
background image

БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ

БАСТАУ

Параметрлерді орнату режимі

Кей әрекеттерді орындау үшін құрылғы

параметрлерді орнату режимінде тұруға тиіс.

Құрылғы іске қосылғаннан кейін

параметрлерді орнату режимінде тұрады:
• Барлық бағдарламалардың индикаторлары

жанады.

Басқару панелінде басқа жағдай орын алса

(B) және (C) түймешіктерін құрылғы

параметрлерді орнату режиміне ауысқанша

қатар басып ұстап тұрыңыз.

Кешіктіріп бастау функциясы жоқ

бағдарламаны бастау

1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру

түймешігін басыңыз.

3. Құрылғының параметрлерді орнату

режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.

4. Бағдарламаны орнатыңыз.

• Тиісті бағдарламаның индикаторы

жанады.

• Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы

жыпылықтайды.

5. Құрылғы есігін жабыңыз. Бағдарлама

басталады.
• Есікті ашсаңыз, бейнебетте 1 минутқа

тең қадаммен азаятын бағдарламаның

ұзақтығы көрсетіледі.

Кешіктіріп бастау функциясы бар

бағдарламаны бастау

1. Бағдарламаны орнатыңыз.
2. Кешіктіріп бастау түймешігін бейнебетте

орнатқыңыз келген кешіктіріп бастау

уақыты (1-24 сағат) көрсетілгенше қайта-

қайта басыңыз.
• Бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты

жыпылықтайды.

• Кешіктіру индикаторы қосылады.

3. Құрылғы есігін жабыңыз. Кері санақ

басталады.
• Есікті ашсаңыз, бейнебетте 1 сағатқа

тең қадаммен азаятын, кешіктіріп

бастау функциясының кері санағы

көрсетіледі.

• Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама

басталады.

Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде

есікті ашу

Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті

жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен

бастап жұмыс істейді.

Кері санақ жұмыс істеп тұрған кезде

кешіктіріп бастау функциясын

біржола тоқтату

1. Құрылғы есігін ашыңыз.
2. Кешіктіріп бастау түймешігін бейнебетте

бағдарламаның уақыты көрсетілгенше

қайта-қайта басыңыз.

3. Құрылғы есігін жабыңыз. Бағдарлама

басталады.

Бағдарламаны біржола тоқтату

(B) және (C) функция түймешіктерін келесі

жағдай орын алғанша қатар басып ұстап

тұрыңыз:
• Барлық бағдарламалардың индикаторлары

жанады.

Жаңа жуу бағдарламасын бастар

алдында, жуғыш зат үлестіргіште

жуғыш заттың бар екеніне көз

жеткізіңіз.

Бағдарламаның соңы

Бағдарлама аяқталған кезде, үзік-үзік

дыбыстық сигнал естіледі.
1. Құрылғы есігін ашыңыз.

• Бейнебетте 0 көрсетіледі.

2. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру

түймешігін басыңыз.

3. Судың шүмегін жабыңыз.

Егер қосу/өшіру түймешігін

баспасаңыз, бірнеше минуттан кейін

AUTO OFF құралы құрылғыны

автоматты түрде сөндіреді. Бұл

электр қуатын аз тұтынуға

көмектеседі.

• Кұрғату нәтижесін жақсарту үшін құрылғы

есігін бірнеше минут ашып қойыңыз.

14

Advertising