Функциялар, Бірінші қолданғанға дейін, 1 multitab функциясы – Инструкция по эксплуатации AEG F55200VI0

Страница 8: Multitab функциясын іске қосу

Advertising
background image

Сынақ институттарына арналған ақпарат

Сынақ өткізуге қажетті ақпараттар туралы хабарларды мына эл.поштаға

жолдаңыз.

[email protected]

Техникалық ақпарат тақтайшасындағы құрылғының нөмірін (PNC) жазып

қойыңыз.

5. ФУНКЦИЯЛАР

5.1 Multitab функциясы

Бұл параметрді аралас жуғыш

таблеткаларды қолданғанда ғана іске

қосыңыз.

Бұл параметр шайғыш зат пен тұзды

ағызбай тоқтатады. Тиісті

индикаторлар сөнеді.

Бағдарламаның уақыты ұзарады.

Multitab функциясын іске қосу

Multitab функциясын

бағдарламаны бастамай тұрып

іске қосыңыз немесе сөндіріңіз.

Бұл функцияны бағдарлама

жұмыс істеп тұрған кезде қосу

немесе сөндіру мүмкін емес.

1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/

сөндіру түймешігін басыңыз.

Құрылғының параметрлерді орнату

режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.

"БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ

БАСТАУ" тарауын қараңыз.

2. Multitab түймешігін басыңыз,

Multitab индикаторы жанады.

Параметр сөндіргенше қосулы

тұрады. Multitab түймешігін

басыңыз, Multitab индикаторы

сөнеді.

Егер аралас таблетканы қолдануды

тоқтатсаңыз, жуғыш зат, шайғыш зат

мен ыдыс жуғыш тұзды жеке-жеке

қолданар алдында мына қадамдарды

орындаңыз:
1. Multitab функциясын ажыратыңыз.
2. Су жұмсартқышты ең үлкен мәнге

қойыңыз.

3. Тұз сауыты мен шайғыш зат

үлестіргішінің толы екеніне көз

жеткізіңіз.

4. Шаю циклы бар ең қысқа жуу

бағдарламасын, жуғыш зат

қолданбай және ыдыс салмай

орындаңыз.

5. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын

жердегі судың кермектігіне

лайықтап қойыңыз.

6. Шайғыш заттың қосылатын

мөлшерін реттеңіз.

6. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН

1. Су жұмсартқыштың қойылған

деңгейі тұратын жеріңіздегі судың

кермектігіне сай келетініне көз

жеткізіңіз. Сай келмесе, су

жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.

Тұратын жеріңіздегі судың

кермектігін, жергілікті сумен

жабдықтау мекемесіне хабарласып

біліңіз.

2. Тұз сауытын толтырыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішін

толтырыңыз.

4. Су құятын шүмекті ашыңыз.
5. Құрылғыда өндіру үрдісінің

қалдықтары қалуы мүмкін. Оларды

тазалау үшін бағдарламаны

бастаңыз. Жуғыш затты

қолданбаңыз және себеттерді

толтырмаңыз.

Егер аралас жуғыш

таблеткаларды қолдансаңыз,

multitab функциясын іске

қосыңыз.

8

www.aeg.com

Advertising