Инструкция по эксплуатации AEG HC452600EB

Страница 4

Advertising
background image

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

• Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері

қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш

элементтерін ұстамаңыз.

• Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек

қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.

• Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды

пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті және өрт

шығуы мүмкін.

• Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет

жасамаңыз, бұндай жағдайда құрылғыны сөндіріп,

содан кейін жалынды қақпақ немесе өрт басқыш

көрпе тәрізді затпен жабыңыз.

• Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.

• Құрылғыны бумен тазалайтын құралмен

тазаламаңыз.

• Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір

заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып

кетеді.

• Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден

сақтану үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник

немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.

• Құрылғыны тоққа тура қосу үшін, контакт

интервалы сақталатын, барлық полюстерде

оқшаулайтын айырып-қосқыш қажет. Тоқты айыру

жұмыстарын міндетті III-ші асқын кернеу

санатында көрсетілген жағдайларға сай іске асыру

керек. Жерге тұйықтау сымы қолданылмайды.

• Электр сымын төсеген кезде, температурасы

бөлме температурасынан 50°C градус жоғары

болатын заттарға тура тигізбей (мысалы,

оқшаулағыш төлкені пайдаланып) орнатыңыз.

4

www.aeg.com

Advertising