Қалай қосу керек extrahygiene, 2 multitab, Қалай қосу керек multitab – Инструкция по эксплуатации AEG F65040VI1P

Страница 12: Бірінші қолданғанға дейін, 1 тұз сауыты, Тұз сауытын қалай толтыру керек

Advertising
background image

Қалай қосу керек

ExtraHygiene

түймешігін басыңыз, тиісті

индикатор жанады

Егер бағдарламада қандай да бір

функция жоқ болса, тиісті индикатор

жанбайды немесе бірнеше секунд

жылдам жыпылықтап барып сөніп

қалады.

Дисплейде бағдарламаның жаңарған

уақыты көрсетіледі.

7.2 Multitab

Бұл функцияны тұз, шайғыш зат және

жуғыш заттардан тұратын жуғыш

таблеткаларды қолданған кезде

пайдаланыңыз. Олардың құрамында

басқа да жуғыш немесе шайғыш

заттар болуы мүмкін.

Бұл функция тұз және шайғыш

заттарды тиісті үлестіргіштерден

шығармай тоқтатады. Тұз және

шайғыш зат индикаторлары

жанбайды.
Осы функцияны пайдаланғанда,

жуғыш таблеткаларды қолданған

кезде жуу және кептіру нәтижелері

жақсы болу үшін бағдарлама уақыты

ұзарады.
Multitab функциясы тұрақты функция

емес және оны әр цикл сайын таңдау

керек.

Қалай қосу керек Multitab

түймешігін басыңыз.

Тиісті индикатор жанады.

8. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН

1. Су жұмсартқыштың ағымдық

деңгейінің сумен жабдықтау

жүйесіндегі судың кермектігіне

сай келетініне көз жеткізіңіз.

Егер сай келмесе, су

жұмсартқыштың деңгейін

реттеңіз.

2. Тұз сауытын толтырыңыз.

3. Шайғыш зат үлестіргішін

толтырыңыз.

4. Су құятын шүмекті ашыңыз.

5. Құрылғының ішінде өндіру

барысында қалуы мүмкін қалдық

заттарды тазалау үшін

бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш

затты қолданбаңыз және

себеттерді толтырмаңыз.

Бағдарламаны бастаған кезде, су

жұмсартқыштың ішіндегі шайырды

қайта толтыру үшін шамамен 5 минут

уақыт кетеді. Құрылғы жұмыс істемей

тұрған тәрізді көрінуі мүмкін. Жуу

циклы осы үдеріс аяқталғаннан кейін

ғана басталады. Бұл әрекет ара-тұра

қайталанып тұрады.

8.1 Тұз сауыты

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ

ЕСКЕРТУ!

Ыдыс жуғыш машиналарға

арналған арнайы тұздарды

ғана пайдаланыңыз.

Тұз су жұмсартқыштың ішіндегі

шайырды толтыру үшін және

күнделікті жуу нәтижесін

қанағаттанарлық ету үшін

қолданылады.

Тұз сауытын қалай толтыру

керек

1. Тұз сауытының қақпағын сағат

тілінің бағытына қарсы бұрап

алыңыз.

2. Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз

(ең алғаш қолданғанда ғана).

3. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина

тұзынан салыңыз.

www.aeg.com

12

Advertising