Әркүндік қолдану, Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер, 1 жаңа тағамды мұздату – Инструкция по эксплуатации AEG AGN71800F0

Страница 8: 2 мұздатылған тағамды сақтайтын камера, 3 жібіту, 4 суық аккумуляторы, 1 тоңазыту туралы кеңес

Advertising
background image

Жуғыш зат не жеміргіш

ұнтақтарды пайдаланбаңыз,

бұл құрылғының сыртқы

қабатына зиян келтіреді.

5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

5.1 Жаңа тағамды мұздату

Мұздатқыш камера жаңа тағамды

мұздату мен тоңазыған және

мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт

сақтауға жарайды.

Жаңа тағамды мұздату үшін Fast

Freeze функциясын, мұздатылатын

тағамды мұздатқыш камераға

қоярдың алдында, кем дегенде 24

сағат бұрын қосыңыз.

Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды үстіңгі

екі камераға қойыңыз.

24 сағат ішінде мұздатуға болатын

тағамның ең көп мөлшері құрылғының

ішіндегі техникалық ақпарат

тақтайшасында көрсетілген.

Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады:

осы уақыт аралығында тоңазытқыңыз

келген басқа тағамды қосып

салмаңыз.

24 сағаттан кейін мұздату үрдісі

аяқталғаннан кейін қажетті

температураға ("Температураны

реттеу" тармағын қараңыз) қайта

оралыңыз.

5.2 Мұздатылған тағамды

сақтайтын камера

Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не

ұзақ уақыт пайдаланбағаннан кейін

қосқан кезде, камераға тамақ салмас

бұрын құрылғыны ең кем дегенде 2

сағат ең жоғарғы параметрлерге

қойып жұмыс істетіп алыңыз.

Кездейсоқ еріп кету, мысалы

электр қуаты өшіп, ток

техникалық сипаттамалар

кестесіндедегі "көтеру уақыты"

бөлімінде берілген мәндерден

де ұзақ уақыт бойы қосылмай

тұрса, еріп кеткен тағамды

жылдам пайдаланып не дереу

пісіріп алып барып қайта

тоңазыту (салқындатқан соң)

қажет.

5.3 Жібіту

Қатты мұздатылған немесе

мұздатылған тағамды қолданар

алдында бөлме температурасында

жібітіп алуға болады.

Кішкене тағамдарды мұздатқыштан

алған бетте тура пісіре беруге

болады. бұндай жағдайда пісіру

ұзаққа созылады.

5.4 Суық аккумуляторы

Мұздатқыш бір не бірнеше суық

аккумуляторымен жабдықталған; бұл

электр қуаты өшкенде не құрылғы

сынып қалған жағдайда оның ішіндегі

тағамды ұзағырақ сақтауға

көмектеседі.

6. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР

6.1 Тоңазыту туралы кеңес

Төменде тоңазыту үрдісін барынша

тиімді жүзеге асыру үшін бірнеше

маңызды кеңестер берілген:
• 24 сағат ішінде тоңазытуға болатын

ең көп тағам мөлшері техникалық

ақпарат тақтайшасында берілген;

• мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады.

Осы уақыт аралығында

тоңазытылуға тиіс ешбір қосымша

тағамды қосып салуға болмайды;

• тек аса жоғары сапалы, жаңа және

мұқият тазаланған тағамдарды ғана

тоңазытыңыз;

8

www.aeg.com

Advertising