Функциялар, 1 multitab функциясы, Multitab функциясын іске қосу – Инструкция по эксплуатации AEG F99015VI1P
Страница 7
2) Құрылғы себеттердегі заттардың қаншалықты ластанғанын және заттардың санын
анықтай алады. Ол судың температурасы мен мөлшерін, қуаттың тұтынылу
шамасы мен бағдарлама уақытын автоматты түрде реттейді.
3) Бұл бағдарламаның жуу нәтижесін жақсартуға арналған жоғары температурада
шаю циклы бар. Шаю циклі кезінде температура 10-14 минут 70 °C градуста
тұрады.
4) Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт
ішінде жақсы нәтиже береді.
5) Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас
құралдарын жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады. (Бұл сынақ
мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама).
6) Бұл бағдарламаны ыдыстарды жылдам шаю үшін қолданыңыз. Бұл қалдықтардың
ыдыстарға жабысып, құрылғыдан жағымсыз иіс шығуына жол бермейді.
Бұл бағдарламаны қолданғанда, жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
Сынақ институттарына арналған ақпарат
Сынақ өткізуге қажетті ақпараттар туралы хабарларды мына эл.поштаға
жолдаңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы құрылғының нөмірін (PNC) жазып
қойыңыз.
5. ФУНКЦИЯЛАР
5.1 Multitab функциясы
Бұл параметрді аралас жуғыш
таблеткаларды қолданғанда ғана іске
қосыңыз.
Бұл параметр шайғыш зат пен тұзды
ағызбай тоқтатады. Тиісті
индикаторлар сөнеді.
Бағдарламаның уақыты ұзарады.
Multitab функциясын іске қосу
Multitab функциясын
бағдарламаны бастамай тұрып
іске қосыңыз немесе сөндіріңіз.
Бұл функцияны бағдарлама
жұмыс істеп тұрған кезде қосу
немесе сөндіру мүмкін емес.
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
өшіру түймешігін басыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
"БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ
БАСТАУ" тарауын қараңыз.
3. (D) және (E) функция
түймешіктерін multitab индикаторы
жанғанша қатар басып ұстап
тұрыңыз.
Функция сөндіргенше қосулы
тұрады. (D) және (E) функция
түймешіктерін multitab
индикаторы сөнгенше қатар
басып ұстап тұрыңыз.
Егер аралас таблетканы қолдануды
тоқтатсаңыз, жуғыш зат, шайғыш зат
мен ыдыс жуғыш тұзды жеке-жеке
қолданар алдында мына қадамдарды
орындаңыз:
1. Multitab функциясын ажыратыңыз.
2. Су жұмсартқышты ең үлкен мәнге
қойыңыз.
3. Тұз сауыты мен шайғыш зат
үлестіргішінің толы екеніне көз
жеткізіңіз.
4. Шаю циклы бар ең қысқа жуу
бағдарламасын, жуғыш зат
қолданбай және ыдыс салмай
орындаңыз.
5. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын
жердегі судың кермектігіне
лайықтап қойыңыз.
6. Шайғыш заттың қосылатын
мөлшерін реттеңіз.
ҚАЗАҚ
7