Маңызды деректерді өңдеу – Инструкция по эксплуатации Lenovo A606 Smartphone

Страница 51

Advertising
background image

Қауіпсіздік жəне пайдалану туралы маңызды ақпарат

8

Медициналық құралдар

Lenovo телефонының электромагниттік өріс сəулелендіретін радиосы бар. Бұл

электромагниттік өрістер кардиостимуляторларға немесе медициналық құралдарға

кедергі болуы мүмкін. Егер кардиостимуляторыңыз болса, Lenovo телефоны мен

кардиостимулятордың арасындағы арақашықтықты кемінде 15 см етіп сақтаңыз.

Егер Lenovo телефоны кардиостимулятор немесе өзге медициналық құрылғы

жұмысына кедергі келтіргенін сезсеңіз, Lenovo телефонын қолдануды тоқтатыңыз

жəне өзіңіздің дəрігеріңізбен медициналық құрылғы туралы кеңес алу үшін

байланысыңыз.

Маңызды деректерді өңдеу

Тазалау

Кір, сия, макияж не лосьон сияқты дақтың пайда болуына əкеп соқтыратын барлық

заттардан Lenovo телефонын жедел түрде тазалаңыз. Тазалау:

z

Барлық кабелдерді ажыратып, Lenovo телефонын сөндіріңіз (Sleep/Wake

түймесін басып тұрып, экран бетіндегі жүгірткіні жылжытыңыз).

z

Жұмсақ, түксіз мата қолданыңыз.

z

Саңылауларына ылғалдың түсуінен сақтаңыз.

z

Тазалау құралдары мен қысымдалған ауаны қолданбаңыз.

Жұмыс температурасы

Lenovo телефонының қызуын қадағалаңыз. Lenovo телефонын қолдану кезінде

оны электр құрылғылары мен электрлі ас-үй жылу жабдықтары сияқты ыстық əрі

жоғарғы вольтты ортадан аулақ ұстаңыз. Зақым келтіріп алмау үшін Lenovo

телефонын тек -10°C (14°F) – 45°C (113°F) температура аралығында

пайдаланыңыз.

Lenovo телефоны қосулы болғанда немесе батарея қуат алып тұрған кезде, оның

бірнеше бөліктері ыстық болуы мүмкін. Олардың температуралары жүйе

белсенділігінің есебіне жəне батареядағы зарядталу деңгейіне байланысты болады.

70111887 Lenovo A606 IPIG V1.0 E51 51

7/14/2014 12:02:28

Advertising