Өңдеу туралы маңызды ақпарат, Тазалау, Жұмыс температурасы – Инструкция по эксплуатации Lenovo S850 Smartphone

Страница 53: Мәліметтер мен бағдарламалық жасақтаманы қорғау

Advertising
background image

Қауіпсіздік және пайдалану туралы маңызды ақпарат

9

Өңдеу туралы маңызды ақпарат

Тазалау
Кір, сия, макияж не лосьон сияқты дақтың пайда болуына әкеп соқтыратын
барлық заттардан Lenovo телефонын жедел түрде тазалаңыз. Тазалау:

Барлық кабелдерді ажыратып, Lenovo телефонын сөндіріңіз (Sleep/Wake

түймесін басып тұрып, экран бетіндегі жүгірткіні жылжытыңыз).

Жұмсақ мата қолданыңыз.

Саңылауларына ылғалдың түсуінен сақтаңыз.

Тазалау құралдары мен қысымдалған ауаны қолданбаңыз.

Жұмыс температурасы
Lenovo телефонының қызуын қадағалаңыз. Lenovo телефонын қолдану
кезінде оны электр құрылғылары мен электрлі ас-үй жылу жабдықтары
сияқты ыстық әрі жоғарғы вольтты ортадан аулақ ұстаңыз. Зақым келтіріп
алмау үшін Lenovo телефонын -10°C (14 °F) – 45°C (113 °F) температура
аралығында ғана пайдаланыңыз.
Lenovo телефоны қосулы болғанда немесе батарея қуат алып тұрған кезде,
оның бірнеше бөліктері ыстық болуы мүмкін. Олардың температуралары
жүйе белсенділігінің есебіне және батареядағы зарядталу деңгейіне
байланысты болады. Денеңізбен ұзақ уақыт байланыста болу, тіпті киім
арқылы, жайсыздық туындатуы, кейде тіпті теріні күйдіруі мүмкін. Lenovo
телефонының ыстық бөлігін қолыңызға, тізеңізге немесе басқа дене
бөліктеріне ұзақ уақыт бойы тигізіп ұстамаңыз.

Мәліметтер мен бағдарламалық жасақтаманы қорғау
Өзіңіз жасамаған, белгісіз файлдарды жоймаңыз немесе өзгертпеңіз, қарсы
жағдайда Lenovo телефонының жасақтамасының жұмысы зақымдалуы
мүмкін.

Advertising