Ақаулықтарды анықтау және оларды жөндеу, Техникалық сипатама – Инструкция по эксплуатации Panasonic NR-B591
Страница 26
— 26 —
АҚАУЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАУ жӘНЕ ОЛАРДЫ жӨНДЕУ
Егер тоңазытқышыңыз дұрыс істемей тұрса, Panasonic сервис орталығына хабарласпас бұрын, мыналарды
тексеріңіз:
1. желі сымының айыр тетігі розеткаға дұрыс қосылып тұр ма?
2. Мүмкін балқымалы сақтандырғыш жанып кеткен шығар, не қоректендіру желісінде
ток жоқ шығар.
3. Температура реттегіштің дұрыс тұрғанына көз жеткізіңіз.
4. Тоңазытқыш толып тұрғандықтан ішіндегі ауа айналымы тоқтап қалған шығар?
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
1. Тоңазытқыш құрылымының қандай да бір бөлшегін жетілдірем деп ойламаңыз.
2. Тұтанғыш не жарылғыш заттарды тоңазытқыштың ішіне не жанына қоймаңыз.
3. Тоңазытқышта көрсетілгеннен өзге қоректендіру көзіне қоспаңыз.
4. Тоңазытқышты дұрыс пайдаланбаудың не дұрыс орнатпаудың әсерінен пайда
болған барлық ақаулар үшін сатып алушының өзі жауап береді.
5. Егер қоректендіру сымының не оның айыр тетігінің ақауы болса, оларды өндіруші
компания, сервистік мердігер немесе білікті маман ауыстырады. Тұтынушы осы
бөлшектерді өздігінен ауыстырса, ток соғуы мүмкін.
6. Хладагент түтіктерін бүлдіріп алмауға тырысыңыз.
Million Dryer Pipe кептіргіш контуры
Тоңазытқыштың артқы жағы кейде, әсіресе оны орнатып қосқаннан кейін, әжептәуір қызуы мүмкін. Бұл
тоңазытқыштың ақауы емес: ол жерде тоңазытқыштың артын суланудан сақтайтын, бойымен ыстық газ тәріздес
фреон айналып тұратын арнайы кептіргіш түтік орнатылған.
• Суыту желдеткіші
Тоңазытқыштың суытатын желдеткіш жүйесі бар. желдеткіш жұмысының әлсіз шуы тоңазытқыштың
бұзылғандығы емес.
• Мұзды еріту
Тоңазытқыш мұзын еріту кезінде әлсіз дыбыстар (мысалы судың тамшылауы) естілуі мүмкін. Бұл
тоңазытқыштың ақауын білдірмейді.
Кептіргіш контур
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТАМА
ҮЛГІ
NR-B591BR
NR-B651BR
Тоңазытқыштың жалпы сыйымдылығы (л)
468
521
Тоңазытқыштың пайдалы сыйымдылығы (л)
401
454
Сыртқы өлшемдері
Ені х Тереңдігі х Биіктігі (мм)
674Ч801Ч1822
674Ч786Ч1822
774Ч763Ч1822
774Ч756Ч1822
Таза салмағы (кг)
83
90
Номиналды кернеу (В)
Номиналды жиілік (Гц)
220
50
220
50
Осы тоңазытқыштың келемі ІЅО 15502 стадартына негізделген.
NR-B651B_AK-126435_1校_0426
B651BR_AK-126435俄烏哈.indd 26
2012/7/2 下午 12:08:58