Сақтық шаралары – Инструкция по эксплуатации Panasonic EH-KA81

Страница 16

Advertising
background image

16

Қа

зақша

Сақтық шаралары

Шаш сәндегішті қолданбас бұрын қауіпсіздік нұсқауларын оқып

шығыңыз. Осы жерде түсіндірілген қауіпсіздік нұсқаулары шаш

сәндегішті қауіпсіз және дұрыс пайдалануға, сондай-ақ өзіңіз бен

басқаларды жарақат алудан қорғауға көмектеседі.

ЕСКЕРТУ: Осы бөлімде сипатталған нұсқаулар орындалмаған

жағдайда өрт шығуы, күйік алу, жарылыстың орын

алуы, ток тұйықталуы немесе токқа түсу оқиғалары

туындауы мүмкін.

Электр шарттары

ЕСКЕРТУ: Шаш сәндегіштегі мына таңба “Шаш сәндегішті судың

қасында пайдалануға болмайды” дегенді білдіреді.

Шаш сәндегішті ванна, себезгі, бассейн немесе басқа

да су құйылған ыдыстардың қасында пайдаланбаңыз.

1. Қолданып болғаннан кейін және розеткадан суырмас бұрын шаш

сәндегішті әрқашан өшіріп қойыңыз (“0” бағытына қойыңыз).

Құрылғыны пайдаланбаған кезде розеткадан ажыратыңыз. Әрқашан

ашадан ұстап суырыңыз. Бұл ереже сақталмаған жағдайда, өрт және/

немесе апат туындауы мүмкін.

2. Шаш сәндегішті қоспастан бұрын, шаш сәндегіш кернеуінің жергілікті

кернеуге сәйкестігін тексеріңіз.

3. Сымды қиып алмаңыз, зақымдамаңыз немесе өзгертпеңіз. Қажетсіз

күшпен сымды тартпаңыз, майыстырмаңыз немесе имеңіз. Сымның

үстіне ауыр заттарды қоймаңыз немесе оны заттардың арасында

қыспаңыз. Шаш сәндегішті сыммен орамаңыз, ол өрттің және

(немесе) токтың соғуын тудыруы мүмкін. Сым зақымдалған немесе

ысып кеткен жағдайда, жедел арада пайдалануды тоқтатыңыз.

4. Шаш сәндегіш ваннада қолданылғанда, пайдаланып болғаннан кейін

өшіріп қойыңыз, құрылғы өшірулі кезде де оны судың қасында ұстау

қауіп төндіреді.

5. Қосымша қорғауды қамтамасыз ету үшін ванна бөлмесінің электр

тізбегінде 30 мА-ден аспайтын номиналды ток күшінде іске қосылатын

дифференциалды қорғауыш құралды орнату ұсынылады. Орнату

жұмысын атқаратын маманнан кеңес алыңыз.

Шаш сәндегішті пайдалану

1. Шаш сәндегіш үздіксіз ауа шығарып тұрмаса, сымға немесе ашаға

зақым келсе, не аша розеткаға бос болып кірсе, оны жедел түрде

пайдалануды тоқтатыңыз.

2. Ауа шығатын және кіретін жерге ешқандай затты салмаңыз.

3. Жанармай, бояуды сұйылтқыш, шашыратқыш сияқты басқа да

жанатын заттардың қасында шаш сәндегішті пайдаланбаңыз.

4. Қолыңыз су болғанда шаш сәндегішті пайдаланбаңыз.

5. Ылғалдылығы жоғары аймақтарда шаш сәндегішті пайдаланбаңыз

немесе қоймаңыз. Шаш сәндегішті суға батырмаңыз.

6. Аталмыш құрылғы шектелген денелік, сенсорлық немесе ақыл-ой

қабілеттіктері кем, білім және тәжірибе тапшылығы бар адамдармен

(балаларды санағанда) тыйым салынады. Бұл адамдар құрылғыны

олардың қауіпсіздігіне жауапты адамдардың басшылығымен ғана

қолдана алады.

Балалардың құрылғымен ойнауын болдырмау керек.

Шаш сәндегішті жөндеу

1. Шаш сәндегішті өзіңіз жөндеуге, бөліктеуге немесе өзгертуге болмайды.

2. Ток сымы зақымдалған болса, қауіп-қатерді болдырмау үшін оны өндіруші,

өндірушінің агенті немесе рұқсаты бар мамандар ауыстыруы қажет.

3. Ток сымы немесе аша зақымдалған болса, құрылғы қолдануды дереу

тоқтатыңыз да, Panasonic компаниясының рұқсаты бар қызмет

көрсету орталығымен хабарласыңыз.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

1. Ауа шығатын жерге қолыңызды қоймаңыз немесе оған зақым келген

кезде пайдаланбаңыз. Күйіп қалуыңыз мүмкін.

2. Шаш сәндегішті тек адамның шашын кептіру және сәндеу үшін ғана

пайдаланыңыз. Балалардың шашын кептіру үшін пайдаланбаңыз.

3. Шаш сәндегішке зақым келген жағдайда, оны пайдаланбаңыз.

4. Пайдалану кезінде және одан кейін саптамалар ыстық

болатындықтан, оларды ұстамаңыз.

Advertising