Тд-ды сенсорлық тақтаның көмегімен пайдалану, Экраннан осы ескерту белгісін көрген кезде, Кезелімді/меңзерді жылжыту – Инструкция по эксплуатации Samsung UE78HU9000T

Страница 91: Мәзірге кіру & элементті таңдау, Smart hub панеліне көшу, Web browser шарлау

Advertising
background image

Казақ - 16

1. RETURN түймешігі мен GUIDE түймешігін 3 секундтан астам қатар басып тұрыңыз.

- Samsung Smart Control құралын ТД-дан шамамен 30см ~ 40см алыс қойып, оның қашықтан басқару

ресиверіне бағытталып тұрғанына көз жеткізіңіз.

2. Экранда қосылым белгісі пайда болады. Содан кейін Samsung Smart Control ТД-ға автоматты түрде қосылады.

Экраннан осы ескерту белгісін көрген кезде...

Келесі ескерту белгісі Samsung Smart Control батареяларының
қуаты төмендегенін көрсетеді. Егер ескерту белгісі көрсетілсе,
батареяларды ауыстырыңыз. Қолданыс мерзімі ұзақ болуы үшін
Samsung компаниясы сілті батареяларын пайдалануды ұсынады.

<Батарея қуатының төмен индикаторы>

ТД-ды Samsung Smart Control құралын қозғау арқылы

пайдалану

Samsung Smart Control құралының ТД-ды Samsung Smart Control құралын ұстап тұрып, жылжыту арқылы оңай
басқаруға мүмкіндік беретін қозғалыс сенсоры (гиродатчигі) бар.
Саусағыңызды сенсорлық тақтаға қойғаннан кейін, экранда меңзер пайда болады. Ұстап тұрыңыз да, Samsung
Smart Control құралын жылжытыңыз. Samsung Smart Control құралы қалай жылжыса, меңзер де солай жылжиды.
Айналдырылатын экрандарда бетті жоғары және төмен шарлауға болады.

- Егер саусағыңызды сенсорлық тақтадан алсаңыз, экрандағы меңзер көрінбей кетеді.

ТД-ды сенсорлық тақтаның көмегімен пайдалану

- Сенсорлық тақтаны қалай пайдалануға болатынын үйрену үшін экрандағы нұсқауларға сай Қолдау мәзіріне

барып, Smart Control оқулығы параметрін таңдаңыз.

Кезелімді/Меңзерді жылжыту

Меңзерді немесе кезелімді белгілі бағытқа жылжыту үшін көрсеткі түймешіктерді (жоғары, төмен, солға және оңға)
жылжытыңыз.

Мәзірге кіру & Элементті таңдау

Сенсорлық тақтаны түртіңіз. Сонда ТД мәзіріне баруға немесе элементті таңдауға мүмкіндік туады.

Smart Hub қызметінде мәнмәтінге қатысы бар мәзірді экранға шығару

Smart Hub экранынан сенсорлық тақтаны басып ұстап тұрыңыз. Таңдалған элемент үшін қолжетімді Параметрлер
мәзірі көрсетіледі.

- Параметрлер мәзірі мәнмәтінге байланысты.

Smart Hub панеліне көшу

Smart Hub экранынан сенсорлық тақта бойымен солға немесе оңға қарай сырғытыңыз. Сонда Smart Hub панельдері
солға немесе оңға жылжиды.

Web Browser шарлау

Веб шолғыш экранында сенсорлық тақта бойымен жоғары/төмен сырғытыңыз. Сонда веб-сайттың бетін шарлауға
болады.

[HU9000-RU]BN68-06499J-01L04.indb 16

2014-05-23 1:09:21

Advertising