Параметрлер – Инструкция по эксплуатации Samsung BD-F6500
Страница 160
Параметрлер
Аудио
Цифрлық шығыс
Теледидарға немесе AV ресиверге қолайлы сандық
дыбыс шығыс сигналының пішімін таңдауға мүмкіндік
береді. Қосымша ақпарат алу үшін 64-беттегі сандық
шығыс сигналын таңдау кестесін қараңыз.
PCM субдискретизация
96 кГц PCM сигналдарын күшейткішке шығарылғанға
дейін 48 кГц сигналдарына түрлендіруді таңдауға
мүмкіндік береді. Күшейткіш немесе ресивер 96 кГц
сигналымен үйлесімді болмаса, Қосу параметрін
таңдаңыз.
Динамикалық
диапазонды бақылау
Динамикалық диапазонды бақылау мүмкіндігін Dolby
Digital, Dolby Digital Plus және Dolby TrueHD аудио
жүйесіне қолдануға мүмкіндік береді.
Авто: Dolby TrueHD дыбыс жолындағы ақпарат
негізінде Dolby TrueHD дыбысының динамикалық
диапазонын автоматты түрде басқарады. Сондай-
ақ, Dolby Digital және Dolby Digital Plus үшін
динамикалық диапазон бақылауын қосады.
Өшіру: динамикалық диапазонды қыспай, бастапқы
дыбысты естуге мүмкіндік береді.
Қосу: барлық үш Dolby пішімі үшін динамикалық
диапазон бақылауын қосады. Әлсіз дыбыстар
күшейтіледі және қатты дыбыстардың деңгейі
төмендетіледі.
Төмендету режимі
Стерео жүйемен үйлесімді бірнеше арналы араластыру
әдісін таңдауға мүмкіндік береді. Ойнатқыш қалыпты
стерео немесе көлемді пішіммен үйлесімді стерео
дыбысқа араластыратынын таңдауға болады.
DTS Neo:6 реж-і
Көп арналы дыбысты 2 арналы дыбыс көзінен HDMI
шығысы арқылы таңдай аласыз.
Желі
Желі күйі
Ағымдағы желі және Интернет күйін тексеруге
мүмкіндік береді.
Желі параметрлері
Интернет қызметтері немесе AllShare функциясы
сияқты әртүрлі мүмкіндіктерді қолдану және
бағдарламалық құралды жаңарту үшін желілік
байланысты реттеңіз.
Wi-Fi Direct
Сымсыз маршрутизаторсыз, тең құқылы желі арқылы
Wi-Fi Direct құрылғысын ойнатқышқа қосуға мүмкіндік
береді.
Ойнатқыш сымсыз желіге қосылған болса, Wi-Fi Direct
байланысын қолданғанда ол ажыратылуы мүмкін
екенін ескеріңіз.
|ЕСКЕРТПЕЛЕР |
\
Wi-fi Direct функциясы қолданылып жатқанда .TXT немесе .DOC
кеңейтімі бар файлдар сияқты мәтіндік файлдар көрсетілмейді.
|
22
Қазақша
[BD-F6500-RU]AK68-02348U-06KAZ-SEIN-.indd 22
2014-06-02 오후 6:26:02