Кеңейтілген функциялары – Инструкция по эксплуатации Samsung UE65C8000XW
Страница 230
44
Қазақша
Кеңейтілген функциялары
Anynet+
Anynet+ t дегеніміз не?
t
Anynet+ дегеніміз, Anynet функциясын қолдайтын, барлық жалғаулы тұрған Samsung құрылғыларын, Samsung қашықтан
басқару пультімен басқаруға мүмкіндік беретін функция. Anynet+ жүйесін Anynet+ функциясы бар Samsung құрылғыларында
ғана пайдалануға болады. Өз Samsung құрылғыңызда бұл функцияның бар-жоғын білу үшін онда Anynet+ логотипінің бар-жоғын
тексеріңіз.
Samsung үй театрына жалғау
1. Теледидардағы
HDMI IN
(
1(DVI), 2(ARC), 3
немесе
4
) ұяшығын және тиісті Anynet+ құрылғысындағы HDMI OUT ұяшығын
HDMI сымы арқылы жалғаңыз.
2. Үй кинотеатрының HDMI IN ұяшығын және тиісті Anynet+ құрылғысындағы HDMI OUT ұяшығын HDMI сымы арқылы жалғаңыз.
✎
ЕСКЕРІМ
x
Теледидардағы
DIGITAL AUDIO OUT (OPTICAL)
ұяшығы мен үй кинотеатрындағы сандық аудио кіріс ұяшығын
оптикалық сыммен жалғаңыз.
x
ARC функциясы
HDMI IN 2(ARC)
ұяшығының көмегімен сандық дыбыс шығаруға көмектеседі және теледидар ARC
функциясына қолдау көрсететін аудио ресиверге жалғанған кезде ғана жұмыс істейді.
x
Жоғарыда көрсетілген қосылымды жүзеге асырған соң, оптикалық ұяшық тек 2 арналық аудио сигнал шығарады.
Дыбыс тек үй кинотеатрының алдыңғы, сол және оң жақ үндеткіштерінен және төменгі жиілікті үндеткіштен шығады.
Егер 5.1 арналық аудио сигналды естігіңіз келсе, DVD ойнатқыш / Спутниктік ресивердегі (яғни, 1-ші не 2-ші Anynet
Құралы)
DIGITAL AUDIO OUT (OPTICAL)
ұяшығын теледидарға емес, тікелей дыбыс зорайтқышқа не үй кинотеатрына
жалғаңыз.
x
Тек бір үй кинотеатрын жалғаңыз.
x
Anynet+ құрылғысын HDMI сымы арқылы жалғауға болады. Кейбір HDMI сымдары Anynet+ функциясын қолдамауы
мүмкін.
x
Anynet+ тек Anynet+ функциясын қолдайтын аудио-видео құрылғы Күту режимінде не On қалпында тұрса ғана жұмыс
жасайды.
x
Anynet+ жалпы саны 12-ге дейінгі аудио-видео құрылғыларды қолдайды. Бір уақытта тек 3 бірдей құрылғыларды
қосуға болатынын ескеріңіз.
Tеледидардың артқы панелі
Үй кинотеатры
Anynet+
Құрылғы 1
Anynet+
Құрылғы 2, 3, 4
HDMI сымы
HDMI сымы
HDMI сымы
Оптикалық сым
Оптикалық
адаптер
[UC8000_RU]BN68-02697R-02L04.indb 44
2010-08-24 오전 11:11:09