Желіге қосылу – Инструкция по эксплуатации Samsung UE40D5800VW
Страница 66
Қазақша - 12
12
Желіге қосылу
Желілік байланыс - Сымсыз
Теледидарды LAN желісіне стандартты сымсыз роутер немесе модем арқылы қоса аласыз. Желіге сымсыз
қосылу үшін әуелі “Samsung сымсыз LAN адаптерін” (WIS09ABGN, WIS09ABGN2, WIS10ABGN – жеке сатылады)
теледидардың арт жағындағы USB немесе USB1 (HDD), USB 2 ұяшығына жалғаңыз. Төмендегі суретке қараңыз.
Қабырғадағы LAN ұяшығы
LAN сымы
Сымсыз IP
ортақтастырғышы
(DHCP сервері бар
сымсыз роутер)
Samsung сымсыз
LAN адаптері
Теледидардың бүйір панелі
Samsung сымсыз LAN адаптері жеке сатылады және оны бөлшек сауда орталықтарынан не электронды сауда
сайттарынан алуға болады. Samsung сымсыз LAN адаптері IEEE 802.11a/b/g және n тілқатысу протоколдарын
қолдайды. Samsung компаниясы IEEE 802.11n протоколын қолдануды ұсынады. Видеоны желі арқылы ойнатқан
кезде, видео бірқалыпты көрсетілмеуі мүмкін.
Көпшілік сымсыз желілердің, желіге кіру протоколы немесе сымсыз роутер (әдетте, сымсыз IP ортақтастырғышы)
арқылы кіріп, "қауіпсіздік коды" деп аталатын құпияланған қауіпсіздік кодын жіберетін қауіпсіздік жүйелері болады.
Егер "Pure High-throughput (Greenfield) 802.11n" режимі таңдалып, сымсыз роутер үшін "Encryption" параметрі
"WEP, TKIP" немесе "TKIP AES (WPS2Mixed)" қалпына қойылса, Samsung теледидары жаңа Wi-Fi сертификаттау
стандартына сай келетін қосылымға қолдау көрсетпейді.
Желілік байланыс - Сымды
Теледидарды желіге, желінің параметрлеріне қарай, сымды қолданып екі негізгі тәсілмен қосуға болады. Бұл
тәсілдер төменде көрсетілген:
Қабырғадағы Модем ұяшығы
Tеледидардың артқы панелі
LAN сымы
Модем Сымы
Сыртқы Модем
(ADSL/VDSL/Кабель телевидениесі)
Қабырғадағы LAN ұяшығы
Tеледидардың артқы панелі
LAN сымы
✎
10 мегабит/сек. төмен желі жылдамдығына қолдау көрсетілмейді.
[UD5800-RU]BN68-03729H.indb 12
2011-5-3 14:16:49