Media play (usb), Usb құрылғысын жалғау, Photo – Инструкция по эксплуатации Samsung LE46B550A5W
Страница 135
қазақ - 2
MEDia Play (USB)
USB құрылғысын жалғау
1. Теледидарды қосу үшін POWER түймешігін басыңыз.
2. Сурет және/не саз файлдары сақталған USB құралын теледидардың бүйіріндегі USB
ұяшығына жалғаңыз.
3. application таңдау бейнебеті көрініс бергенде, ENTERE түймешігін басып Media Play
(USB) параметрін таңдаңыз.
MTП-ға (мультимедиа тарату протоколы) қолдау көрсетілмейді.
Файл жүйесі FAT16, FAT32 және NTFS протоколдарын қолдайды.
Сандық камералар мен USB аудио құрылғыларының кейбір түрлері бұл теледидарға
сәйкес келмеуі мүмкін.
Media Play тек USB ағытпалы деректер жинақтауыш (MSC)
құрылғыларын ғана қолдайды. MSC – ағытпалы деректер жинақтауыш
құрылғысы. MSC құрылғылары деп Thumb дискілері, флэш карта оқу
құралдары мен USB HDD құрылғыларын (USB HUB құрылғыларына
қолдау көрсетілмейді) айтамыз.
Құрылғыны теледидардың USB ұяшығына тікелей жалғаңыз. Егер бөлек
кабель қолданылса, USB сыйысымдылығына байланысты қиындық
туындауы мүмкін.
Құрылғыны теледидарға қоспас бұрын файлдардың бұзылып немесе
жойылып кетуінен сақтану мақсатында олардың сақтық көшірмесін жасаңыз. SAMSUNG компаниясы қандай да бір
мәліметтің бұзылғаны немесе деректердің жойылғаны үшін жауап бермейді.
USB құрылғысын мәліметті түсіру кезінде ажыратпаңыз.
MSC санаты MP3 және JPEG файлдарын, ал PTP құрылғысы тек JPEG файлдарын қолдайды.
Бейненің ажыратылымдық деңгейі неғұрлым жоғары болса, оны бейнебетке шығару да соғұрлым көп уақыт алады.
Ең үлкен қолдау көрсетілетін JPEG ажыратымдылығы – 15360X8640 пиксел.
Қолдау көрсетілмейтін немесе бүлінген файлдар үшін ‘Not Supported File Format’хабары көрсетіледі.
Ақылы веб-тораптан қотарылған СҚБ жүйесі бар MP3 файлдарды ойнату мүмкін емес. Сандық құқықтарды басқару
(СҚБ) мазмұнның жасалуына, мазмұнның тұтас әрі бүтін таратылуы мен басқарылуына, соның ішінде мазмұнды
ұсынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, мазмұнның заңсыз көшірілуінің алдын алуға, сондай-ақ
есепшоттар мен төлемдерді басқаруға қолдау көрсететін технология болып табылады.
Фотосуретті жылжытқан кезде, оны қотаруға бірнеше секунд кетуі мүмкін. Осы тұста бейнебетте қотару белгішесі
пайда болады.
Егер біреуден артық MSC құрылғысы жалғанса, оның кейбіреуі танылмауы мүмкін. Егер құрылғыға көп қуат қажет
болса (500mA немесе 5В-тан астам), USB құрылғысына қолдау көрсетілмеуі мүмкін.
Егер USB құралын жалғау немесе пайдалану барысында асқын қуат туралы хабар көрінсе, құрал танылмауы
немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Қашықтан басқару түймешігін Media Play мәзірінде пайдалану
Түймешік
амалдар
▲/▼/◄/►
Көрсеткі арқылы қажетті элементті таңдау.
ENTERE
Ағымдық таңдалған элементті бөлектеу. Слайд көрмесін немесе музыка файлын ойнату
кезінде:
- Ойнату кезінде
ENTERE түймешігі басылса, ойнату кідіртіледі.
- Кідіріс кезінде
ENTERE түймешігі басылса, ойнату қайта жалғасады.
∂/∑
Слайд көрмесін, сазды ойнату немесе кідірту.
RETURN
Алдыңғы мәзірге оралу.
TOOlS
Фото және Саз мәзірлерінен әртүрлі функцияларды іске қосу.
∫
Ағымдық Слайд көрмесін не Саз файлын тоқтату.
π/μ
Алдыңғы топқа өту/Келесі топқа өту.
iNFO
Файл ақпаратын көрсету.
MEDia.P
Media Play режимінен шығу.
< P >
, EXiT, TV
Media Play режимін тоқтатып, теледидар режиміне оралу.
¦
N
N
N
N
N
N
N
N
N
N
N
N
N
N
N
TV Side Panel
USB Drive
851.86MB/993.02MB Free
Photo
SUM
SUM
Device
PHOTO
R Return
Music
Setup
BN68-01962F-Kza.indd 28
2009-03-18 �� 4:02:48