Инструкция по эксплуатации Samsung HT-E5550K
Страница 123
Қазақша
57
|
07
Қосымша
Параметрлер
Anynet+ (HDMI-CEC)
• Теледидарға байланысты белгілі бір HDMI шығысының ажыратымдылықтары жұмыс істемеуі мүмкін.
Теледидардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
• HDMI кабелі CEC сигналын қолдамаса, бұл функция қол жетімді болмайды.
• Егер Samsung теледидарында Anynet+ логотипі болса, онда ол Anynet+ функциясын қолдайды.
BD деректерді басқару
• Сыртқы жад режимінде USB құрылғысын ойнату ортасында ажыратсаңыз, дискіні ойнату тоқтатылуы
мүмкін.
• FAT файл жүйесінде (DOS 8.3 том белгісі) пішімделген USB құрылғыларына ғана қолдау көрсетіледі.
Оқу/жазу жылдамдығы 4 Мбит/сек. немесе одан жылдам USB 2.0 протоколын қолдайтын USB
құрылғыларын пайдалану ұсынылады.
• Resume Play (Ойнатуды жалғастыру) функциясы сақтау құрылғысы пішімделгеннен кейін жұмыс
істемеуі мүмкін.
• Жағдайларға байланысты BD деректерін басқаруға қол жетімді жалпы жад көлемі басқаша болуы
мүмкін.
DivX® талап бойынша
• DivX(R) VOD туралы қосымша ақпарат алу үшін, «http://vod.divx.com» торабына кіріңіз.
Алдыңғы дисплей
•
түймесі мен VOL +, - түймесінің жарықтығын өзгерту мүмкін емес.
Динамик параметрлері
• Динамик таңдау параметрі Тлд динамигі мәніне қойылғанда дыбыс теледидардың динамиктері
арқылы шығарылады.
HDMI дыбысы
• HDMI дыбысы теледидар үндеткішіне шығарылғанда, ол 2 арнаға автоматты түрде төмен түседі.
Дыбыстық кері арна
• Anynet+ (HDMI-CEC) параметрі Өшіру мәніне орнатылғанда, Дыбысты қайтару арнасы функциясы қол
жетімді болмайды.
• ARC (Дыбысты қайтару арнасы) үшін куәландырылмаған HDMI кабелін пайдалану үйлесімділік
проблемасын тудыруы мүмкін.
• ARC функциясы тек ARC-үйлесімді теледидар қосылғанда қол жетімді болады.
Цифрлық шығыс
• Сандық шығысты Тлд динамигі параметріне Динамик таңдау мәні таңдалғанда қосуға болады..
Ойнату
Бейне файлдарын ойнату
• Бит ағыны жоғары (20 Мбит/с немесе одан көп) бейне файлдар өнімнің мүмкіндіктерін шектеп,
ойнатылым үстінде ойнатуды тоқтатып тастауы мүмкін.
Дыбыс тілін таңдау
• BONUSVIEW бөлімінде ешқандай BONUSVIEW дыбыс параметрлері болмаса, экранда ◄►
көрсеткіші пайда болмайды.
• Аудио тілі функциясы арқылы пайдалануға болатын тілдер дискіде кодталған тілдерге тәуелді болады.
Бұл функцияны немесе белгілі тілдерді пайдалану мүмкін болмауы ықтимал.
• Кейбір Blu-ray дискілері PCM немесе ағылшын тіліндегі Dolby сандық дыбыс жолын таңдауға
мүмкіндік береді.
HT-E5500K_RU_KAZ_0316.indd 57
HT-E5500K_RU_KAZ_0316.indd 57
2012-03-16 오전 9:48:30
2012-03-16 오전 9:48:30