Инструкция по эксплуатации Samsung MS23H3115FK
Страница 80
Казақ - 16
ҚУАТ МӘНДЕРІ
Төмендегі қуат мәндерінің ішінен қажетін таңдауыңызға болады.
Қуат мәні
Шығысы
ЖОҒАРЫ
800 Вт
ОРТАША ЖОҒАРЫ
600 Вт
ОРТАША
450 Вт
ОРТАШАДАН ТӨМЕН
300 Вт
ЖІБІТУ
180 Вт
ТӨМЕН/ЖЫЛЫ ҰСТАУ
100 Вт
Жоғарырақ қуат мәнін таңдасаңыз, пісіру уақытын азайту керек.
Азырақ қуат мәнін таңдасаңыз, пісіру уақытын ұзарту керек.
ПІСІРУ УАҚЫТЫН РЕТТЕУ
Пісіру уақытын, әр қосқыңыз келген 30 секунд үшін
СТАРТ/+30сек түймешігін бір рет басып ұзартуыңызға
болады.
Пісіру уақытын әр қосылатын 10 секунд үшін
Таңдау тетігі
тетігін бір рет бұрап ұзартуға болады.
ПІСІРУДІ ТОҚТАТУ
Тағам пісіруді кез келген уақытта тоқтатып, тағамды тексеруіңізге болады.
1. Уақытша тоқтату үшін;
1) Есікті ашыңыз.
Нәтижесі: Пісіру тоқтайды. Тағам пісіруді
жалғастыру үшін есікті жауып,
СТАРТ/+30сек түймешігін қайта басыңыз.
2) СТОП/ECO (ТОҚТАТУ/ҮНЕМДІ) түймешігін басыңыз.
Нәтижесі: Пісіру тоқтайды. Пісіруді жалғастыру үшін
СТАРТ/+30сек түймешігін қайта басыңыз.
2. Мүлдем тоқтату үшін;
(ТОҚТАТУ/ҮНЕМДІ) түймешігін басыңыз.
Нәтижесі: Тағам пісіру тоқтайды. Пісіру
параметрлерін біржола тоқтатқыңыз
келсе,
СТОП/ECO (ТОҚТАТУ/ҮНЕМДІ)
түймешігін қайта басыңыз.
Кез келген параметрді бастамай тұрып,
СТОП/ECO (ТОҚТАТУ/ҮНЕМДІ)
түймешігін басып тоқтатуға болады.
ҚУАТТЫ ҮНЕМДЕУ РЕЖИМІН ОРНАТУ
Пештің қуатты үнемдеу режимі бар. Бұл функция пеш іске қосылмай тұрған кезде
электр тоғын үнемдейді. Күту режимі қалыпты жағдай болып есептеледі және
пайдаланбаған кезде сағат көрсетіледі.
•
СТОП/ECO (ТОҚТАТУ/ҮНЕМДІ) түймешігін басыңыз.
Нәтижесі: Дисплей сөнеді.
• Қуатты үнемдеу режимінен шығу үшін, есікті ашыңыз,
сонда бейнебетте ағымдық уақыт көрсетіледі. Пеш іске
қосуға дайын.
Қуатты авт. түрде үнемдеу функциясы
Құрылғы функцияның ортасына келген кезде немесе уақытша тоқтап тұрған
кезде ешбір функцияны таңдамасаңыз, функция біржола тоқтайды да,
25 минуттан кейін сағат көрсетіледі.
Есік ашық тұрса, пештің шамы 5 минуттан кейін сөнеді.
MS23H3115FW_BW_DE68-04240B-00_KK.indd 16
2013-12-12 �� 11:19:36