Media play (usb), Usb құрылғысын жалғау, Photo – Инструкция по эксплуатации Samsung UE32B6000VW

Страница 145

Advertising
background image

казақ - 30

MEDIA PLAY (USB)

USB құрылғысын жалғау

1. Теледидарды қосу үшін POWER түймешігін басыңыз.
2. Сурет және/не саз файлдары сақталған USB құралын теледидардың бүйіріндегі USB1

ұяшығына жалғаңыз.

3. Application таңдау бейнебеті көрініс бергенде, ENTERE түймешігін басып Media

Play (USB) параметрін таңдаңыз.

MTП-ға (мультимедиа тарату протоколы) қолдау көрсетілмейді.
Файл жүйесі FAT16, FAT32 және NTFS протоколдарын қолдайды.
Сандық камералар мен USB аудио құрылғыларының кейбір түрлері бұл

теледидарға сәйкес келмеуі мүмкін.
Media Play тек USB ағытпалы деректер жинақтауыш (MSC)

құрылғыларын ғана қолдайды. MSC – ағытпалы деректер жинақтауыш

құрылғысы. MSC құрылғылары деп Thumb дискілері, флэш карта оқу

құралдары мен USB HDD құрылғыларын (USB HUB құрылғыларына

қолдау көрсетілмейді) айтамыз.
Құрылғыны теледидардың USB ұяшығына тікелей жалғаңыз. Егер бөлек

кабель қолданылса, USB сыйысымдылығына байланысты қиындық

туындауы мүмкін.
Құрылғыны теледидарға қоспас бұрын файлдардың бұзылып немесе

жойылып кетуінен сақтану мақсатында олардың сақтық көшірмесін жасаңыз. SAMSUNG компаниясы қандай да бір

мәліметтің бұзылғаны немесе деректердің жойылғаны үшін жауап бермейді.
USB құрылғысын мәліметті түсіру кезінде ажыратпаңыз.
Бейненің ажыратылымдық деңгейі неғұрлым жоғары болса, оны бейнебетке шығару да соғұрлым көп уақыт алады.
Ең үлкен қолдау көрсетілетін JPEG ажыратымдылығы – 15360X8640 пиксел.
Қолдау көрсетілмейтін немесе бүлінген файлдар үшін ‘Not Supported File Format’хабары көрсетіледі.
Ақылы веб-тораптан қотарылған СҚБ жүйесі бар MP3 файлдарды ойнату мүмкін емес. Сандық құқықтарды басқару

(СҚБ) мазмұнның жасалуына, мазмұнның тұтас әрі бүтін таратылуы мен басқарылуына, соның ішінде мазмұнды

ұсынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, мазмұнның заңсыз көшірілуінің алдын алуға, сондай-ақ

есепшоттар мен төлемдерді басқаруға қолдау көрсететін технология болып табылады.
Фотосуретті жылжытқан кезде, оны қотаруға бірнеше секунд кетуі мүмкін. Осы тұста бейнебетте қотару белгішесі

пайда болады.
Егер біреуден артық MSC құрылғысы жалғанса, оның кейбіреуі танылмауы мүмкін. Егер құрылғыға көп қуат қажет

болса (500mA немесе 5В-тан астам), USB құрылғысына қолдау көрсетілмеуі мүмкін.
Егер USB құралын жалғау немесе пайдалану барысында асқын қуат туралы хабар көрінсе, құрал танылмауы

немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Қашықтан басқару түймешігін Media Play мәзірінде пайдалану

түймешік

амалдар

▲/▼/◄/►

Көрсеткі арқылы қажетті элементті таңдау.

ENTERE

Ағымдық таңдалған элементті бөлектеу. Слайд көрмесін немесе музыка файлын ойнату

кезінде:
- Ойнату кезінде

ENTERE түймешігі басылса, ойнату кідіртіледі.

- Кідіріс кезінде

ENTERE түймешігі басылса, ойнату қайта жалғасады.

∂/∑

Слайд көрмесін, сазды ойнату немесе кідірту.

RETURN

Алдыңғы мәзірге оралу.

TOOLS

Фото және Саз мәзірлерінен әртүрлі функцияларды іске қосу.

Ағымдық Слайд көрмесін не Саз файлын тоқтату.

π/μ

Алдыңғы топқа өту/Келесі топқа өту.

INFO

Файл ақпаратын көрсету.

MEDIA.P

Media Play режимінен шығу.

< P >

, EXIT, TV

Media Play режимін тоқтатып, теледидар режиміне оралу.

¦

N
N
N

N

N

N

N
N
N
N
N

N

N

N

Tеледидардың артқы панелі

USB драйвер

851.86MB/993.02MB Free

Photo

SUM

SUM

Device

PHOTO

R Return

Music

Setup

BN68-02388J-L04.indb 30

2009-06-09 �� 5:54:13

Advertising