Басқа мағлұматтар – Инструкция по эксплуатации Samsung UE40C6000RW
Страница 212
50
Қазақша
Басқа мағлұматтар
Ақаулық
Шешімі және түсіндірмесі
Сурет/видео жоқ.
• Сым қосылымдарын тексеріңіз.(теледидар мен сыртқы құрылғылардың барлық сымдарын ағытып
алыңыз да, қайта жалғаңыз)
• Сыртқы құрылғыңыздың (Кабель/Спутниктік ресивер, DVD, Блю-рей т.с.с.) видео шығысын,
теледидардағы кіріс ұяшықтарына сәйкес келтіріп жалғаңыз. Егер сыртқы құрылғының шығысы HDMI
болса, оны теледидар HDMI кірісіне жалғау керек.
• Жалғанған құрылғының электр желісіне қосулы тұрғанын тексеріңіз.
• Теледидардың қашықтан басқару пультіндегі
SOURCE
түймешігін басып, теледидар сигналының көзін
дұрыс таңдаңыз.
РЖ (Кабель/Антенна) қосылымы
Теледидар арналардың барлығын
көрсетпейді.
• Антенна сымының мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз.
• Бар арналарды арна тізіміне қосу үшін,
Plug & Play (параметрлерді бастапқы орнату) параметрін
қолданып көріңіз.
MENU
-
Setup - Plug & Play (параметрлерді бастапқы орнату) параметрінде, сақталуға
тиіс бар арналардың көрсетілуін күтіңіз (б. 7).
• Антеннаның дұрыс орында тұрғанын тексеріңіз.
Сурет бұзылып көрсетіледі: үлкен текшелер,
кішкене текшелер, нүктелер, пикселдер
• Бейнежазба мазмұнын "қысу", әсіресе спорт немесе экшн бейнефильмдері тәрізді тез қозғалыстағы
видеоны көрсеткен кезде суреттің сапасы бұзылуы мүмкін.
• Әлсіз сигнал суретті бұзады. Бұл теледидарға қатысты мәселе емес.
ДК қосылымы
“Mode Not Supported” жазуы көрсетіледі.
• ДК шығыс ажыратымдылығы мен жиілігін, теледидар қолдау көрсете алатын ажыратымдылықтарға сай
келтіріп орнатыңыз (б. 24).
“ДК” кіріс көздері тізімінде, тіпті ДК
теледидарға жалғанбаса да көрсетіліп
тұрады.
• Бұл қалыпты жағдай, “ДК” кіріс көздері тізімінде, тіпті ДК теледидарға жалғанбаса да әрқашан көрсетіліп
тұрады.
Видео жақсы көрсетіледі, бірақ аудио жоқ.
• Егер HDMI қосылымын қолданып отырсаңыз, ДК аудио шығыс параметрін тексеріңіз.
Желі қосылымы (үлгі түріне байланысты)
Желіге сымсыз қосылу әрекеті сәтсіз
аяқталды.
• Желіге сымсыз қосылу үшін Samsung Wireless USB құралы қажет.
• Желі қосылымы параметрінің
Wireless қалпында тұрғанын тексеріңіз (б. 27).
• Теледидардың сымсыз IP ортақтастырғышы (роутер) арқылы қосылуға жарайтынын тексеріңіз.
Басқа мәселе
Сурет экранда толық көрсетілмейді.
• Жоғары ажыратымдылықтағы арналар, SD (4:3) мазмұндары көрсетілген кезде экранның қайбір жағына
қара жолақ қалдырып отырады.
• Геометриялық өлшемдерінің қатынасы теледидардағыдан басқаша болатын фильмдерде, бейнебеттің
үстіңгі және астыңғы жағында қара жолақтар пайда болады.
• Сыртқы құрылғы немесе теледидардағы сурет өлшемінің параметрін, сурет бейнебетті толық
көрсетілетін етіп реттеңіз.
Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді.
• Қашықтан басқару пульті батареяларының (+/–) полюстарын дұрыс келтіріп салыңыз.
• Пульттағы сенсор сигналы шығатын терезені тазалаңыз.
• Қашықтан басқару пультін теледидарға 5~6 фут қашықтықтан тура бағыттап көріңіз.
Кабель/спутниктік ресивердің қашықтан
басқару пульті, теледидарды іске қоспайды
не сөндірмейді, үнділігін реттемейді.
• Кабель/Спутниктік ресивердің қашықтан басқаратын пультін, теледидарды басқаратын етіп
бағдарламалаңыз. SAMSUNG теледидар кодын, Кабель/Спутниктік ресивер пайдаланушы
нұсқаулығынан қараңыз.
“Mode Not Supported” жазуы көрсетіледі.
• Теледидар қолдау көрсететін ажыратымдылықты тексеріңіз де, сыртқы құрылғының шығыс
ажыратымдылығын тиісінше орнатыңыз. Осы нұсқаулықтың 24-ші бетіндегі ажыратымдылық
параметрлерін орнату тарауын қараңыз.
Теледидардан пластмасса иісі шығады.
• Бұндай иістің шығуы қалыпты жағдай және ол уақыт өте келе жойылып кетеді.
Өздігінен диагностика коюға арналған сынақ
мәзірінде теледидар
Signal Information
параметрі жоқ.
• Бұл функция тек Антенна / РЖ/ Coax қосылымы арқылы қабылданатын сандық арналарда ғана бар
(б. 23).
Теледидар бір жағына қарай қисайып тұр.
• Теледидардың тағанын алыңыз да, қайта құрастырыңыз.
Тұрғы тағанын құрастыру қиын.
• Теледидардың тегіс жерде тұрғанына көз жеткізіңіз. Бұрандаларды теледидардан ала алмасаңыз,
магнитті бұранда бұрағышты қолданыңыз.
Арна мәзірі сұры болып тұр. (жоқ)
•
Channel мәзірі тек теледидардың сигнал көзі таңдалған кезде ғана көрсетіледі.
Параметрлер 30 минут өткеннен кейін
немесе теледидар сөндірілгеннен кейін
сақталмай қалады.
• Егер теледидар
Store Demo режимінде тұрса, ол аудио немесе сурет параметрлерін 30 минут сайын
бастапқы қалпына қойып отырады.
Plug & Play(параметрлерді бастапқы орнату) көмегімен Store Demo
режимін
Home Use режиміне қойыңыз.
SOURCE
түймешігін басып,
TV режимін таңдаңыз да, мына
қадамдарды орындаңыз:
MENU
→
Setup → Plug & Play (параметрлерді бастапқы орнату) →
ENTER
E
(б. 7).
[UC6000-RU]BN68-02748J-00L04.indb 50
2010-03-23 오전 9:16:59