Басқа мағлұматтар – Инструкция по эксплуатации Samsung UE46C7000WW

Страница 248

Advertising
background image

60

Қазақша

Басқа мағлұматтар

Ақаулық

Шешімі және түсіндірмесі

Кезекке қойылған жазу үрдісі сәтсіз

аяқталды.

• Жүйе файлы немесе USB құралына қатынасуды қажет ететін кейбір әрекеттерді (пішімдеу, жұмыс

сынағы, ақаулықты тексеру, жою) орындау барысында, кезекке қойылған жазу үрдісі іске қосылмайды.

• Егер ешбір USB құралы қосулы тұрмаса, кезекке қойылған уақыт келсе де, теледидар жазу үрдісін

бастамайды.

• USB құралының жадында бос орын болмаса, теледидар жазу функциясын орындамайды. Бұндай

жағдай орын алмағанын тексеріңіз.

• Егер

Parental lock арқылы бұғатталған арнадан жазу қажет болса, жазу функциясын

жалғастырғыңыз келгенде, PIN кодты көрсету терезесі пайда болады.

Бірнеше жазу құралдары жалғанып тұрса

да, теледидар жазуды тоқтатып тастады.

• Егер бірнеше жазу құралдары жалғаулы тұрса және

Default Recording Device режимінде тұрған құралдың

жадында бос орын болмаса, жазу функциясы жабылады. Қайта жазып көріңіз. Жадында көбірек бос орны

бар құрал автоматты түрде

Default Recording Device режиміне қойылады да, теледидар жаза бастайды.

Басқа мәселе
Сурет экранда толық көрсетілмейді.

• Жоғары ажыратымдылықтағы арналар, SD (4:3) мазмұндары көрсетілген кезде экранның қайбір

жағына қара жолақ қалдырып отырады.

• Геометриялық өлшемдерінің қатынасы теледидардағыдан басқаша болатын фильмдерде,

бейнебеттің үстіңгі және астыңғы жағында қара жолақтар пайда болады.

• Сыртқы құрылғы немесе теледидардағы сурет өлшемінің параметрін, сурет бейнебетті толық

көрсетілетін етіп реттеңіз.

Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді.

• Қашықтан басқару пульті батареяларының (+/–) полюстарын дұрыс келтіріп салыңыз.

• Пульттағы сенсор сигналы шығатын терезені тазалаңыз.

• Қашықтан басқару пультін теледидарға 5~6 фут қашықтықтан тура бағыттап көріңіз.

Кабель/спутниктік ресивердің қашықтан

басқару пульті, теледидарды іске қоспайды

не сөндірмейді, үнділігін реттемейді.

• Кабель/Спутниктік ресивердің қашықтан басқаратын пультін, теледидарды басқаратын етіп

бағдарламалаңыз. SAMSUNG теледидар кодын, Кабель/Спутниктік ресивер пайдаланушы

нұсқаулығынан қараңыз.

“Mode Not Supported” жазуы көрсетіледі.

• Теледидар қолдау көрсететін ажыратымдылықты тексеріңіз де, сыртқы құрылғының шығыс

ажыратымдылығын тиісінше орнатыңыз. Осы нұсқаулықтың 27-ші бетіндегі ажыратымдылық

параметрлерін орнату тарауын қараңыз.

Теледидардан пластмасса иісі шығады.

• Бұндай иістің шығуы қалыпты жағдай және ол уақыт өте келе жойылып кетеді.

Өздігінен диагностика коюға арналған сынақ

мәзірінде теледидар

Signal Information

параметрі жоқ.

• Бұл функция тек Антенна / РЖ/ Coax қосылымы арқылы қабылданатын сандық арналарда ғана

бар (б. 25).

Теледидар бір жағына қарай қисайып тұр.

• Теледидардың тағанын алыңыз да, қайта құрастырыңыз.

Арна мәзірі сұры болып тұр. (жоқ)

Channel мәзірі тек теледидардың сигнал көзі таңдалған кезде ғана көрсетіледі.

Параметрлер 30 минут өткеннен кейін

немесе теледидар сөндірілгеннен кейін

сақталмай қалады.

• Егер теледидар

Store Demo режимінде тұрса, ол аудио немесе сурет параметрлерін 30 минут

сайын бастапқы қалпына қойып отырады.

Plug & Play(параметрлерді бастапқы орнату) көмегімен

Store Demo режимін Home Use режиміне қойыңыз.

SOURCE

түймешігін басып

TV режимін

таңдаңыз да, мына қадамды орындаңыз:

MENU

SetupPlug & Play (параметрлерді бастапқы

орнату) →

ENTER

E (б. 7).

Аудио немесе видео мезгіл-мезгіл жоқ

болып кетеді.

• Сым қосылымдарын тексеріңіз де, қайта жалғаңыз.

• Аудио немесе видео жоқ болып кетуіне, тым қатты не жуан сым қолдану себеп болуы мүмкін.

Сымдардың иілгіш, ұзақ пайдалануға жарамды екендігін тексеріп алыңыз. Теледидарды қабырғаға

орнатқыңыз келсе, 90 градустық жалғастырғыштары бар сымдарды қолдануды ұсынамыз.

Теледидар рамасының жиегіне өте

жақыннан қарағанда өте кішкене

бөлшектерді көресіз.

• Бұл өнімнің ақауы емес, сыртқы жасақтамасының бір бөлігі.

PIP мәзірі жұмыс істемейді.

PIP функциясы тек HDMI, ДК немесе компоненттік сигнал көздерін қолданғанда ғана жұмыс істейді (б. 25).

“Scramble signal” не “Weak Signal/No Signal”

хабары пайда болады.

• Егер CAM CARD (CI/CI+) картасын қолдансаңыз, оның жалпы тілдесу ұяшығына орнатылғанын тексеріңіз.

• Ақаулық әлі жойылмаса, CAM CARD картасын теледидардан алып, ұяшыққа қайта салыңыз.

Теледидарды 45 минут бұрын сөндірдіңіз,

бірақ ол қайта қосылды.

• Бұл қалыпты жағдай. Теледидар OTA (Over The Aerial) функциясын, теледидар қарап отырған

кезде түсірілген бағдарламалық жасақтаманы жаңарту үшін қосады.

Сурет/үнділік мәселелері жиі-жиі туындайды.

• Тексеріңіз де, сигнал/сигнал көзін өзгертіңіз.

Тұрғы тағанындағы резеңке жастықшалар

мен кейбір жиһаздардың сыртқы қаптамасы

арасында реакция пайда болуы мүмкін.

• Бұның алдын алу үшін, теледидардың жиһазға тура жанасатын кез келген жеріне киіз жастықша

қолданыңыз.

Осы TFT LED панелін жасап шығару үшін күрделі кіші пикселдер технологиясы қолданылады. Дегенмен, бейнебетте

аздаған жарық немесе күңгірт пикселдер пайда болуы мүмкін. Бұл пикселдер құрылғы жұмысына еш әсер етпейді.

[UC7000]BN68-02590J-RU.indb 60

2010-05-07 오후 5:01:36

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: