Инструкция по эксплуатации Samsung UE46B6000VW

Страница 143

Advertising
background image

Қазақ - 2

Signal information (тек сандық арналар үшін)

Сигналды кейде ‘қар жауғандай бұлыңғыр’, кейде анық қабылдайтын аналогтық арналарға қарағанда, сандық (HDTV)

арналар сигналды тамаша қабылдайды не мүлдем қабылдамайды. Сондықтан да, аналогтық арналардағыдай емес,

сандық арнаның күйін келтіре алмайсыз. Дегенмен, қолданыстағы сандық арналарды қабылдауды жақсарта түсу үшін

антеннаны реттеуге болады.

Егер сигнал қуатын анықтағыш құрал сигналдың әлсіз екендігін көрсетсе, сигнал күшін антеннаны қолмен өзгерту

арқылы арттырыңыз. Сигнал күшті қабылданатын орынды тапқанша антенна күйін келтіруді жалғастыра беріңіз.

Software Upgrade

Келешекте Samsung теледидардың бағдарламалық жасақтамасы үшін жаңарту ұсынуы

мүмкін. Бұл жаңартуларды теледидар интернетке қосылып тұрған кезде немесе samsung.

com веб-торабынан USB құралына көшіріп алу арқылы орнатуға болады.

Current Version - бағдарламалық жасақтаманың теледидарға орнатылған нұсқасы.
alternative Software (Сақтық көшірмесі) - орнына ағымдық нұсқа келуге тиіс алдыңғы

нұсқа.
Бағдарламалық жасақтама ‘Жыл/Ай/Күн_Нұсқа’ арқылы белгіленеді. Ай-күні неғұрлым

жаңа болса, бағдарламаның нұсқасы да соғұрлым жаңа деген сөз. Бағдарламаның

соңғы нұсқасын орнатуды ұсынамыз.

By USB

samsung.com веб-торабынан қотарылған бағдарламалық жасақтама сақталған USB

құралын теледидарға жалғаңыз. Жаңартулар орындалып жатқан кезде, USB дискісін алуға

және қорек көзінен ажыратуға болмайды. Бағдарлама жаңартуы аяқталған соң теледидар

өздігінен ажырап, қосылады. Жаңартуды орнатып болған соң, бағдарламалық жасақтама

нұсқасын тексеріңіз (жаңа нұсқа ескі нұсқаға қарағанда үлкен санмен белгіленеді).
Бағдарлама жаңартылғаннан кейін сіз орнатқан бейне және дыбыс параметрлері өздерінің

әдепкі (зауыттық) параметрлеріне қайта оралады. Жаңартудан кейін параметрлерді оңай

қалпына келтіру үшін өзіңіз орнатқан параметрлерді жазып қоюды ұсынамыз.
By Channel

Бағдарламаны хабар тарататын сигнал арқылы жаңартады.

Функция бағдарламалық жасақтаманы көшіріп алып жатқан кезде таңдалса, бұл функция бар бағдарламалардың

барлығын іздейді және бағдарламаны қотарып алады.
Бағдарламаны қотарып алуға қажетті уақыт, сигналдың қалып-күйіне байланысты анықталады.

Standby Mode Upgrade

Негізгі желі қосулы тұрған кезде, бағдарламалық жасақтаманы жаңартуды жалғастыру үшін, ▲ немесе ▼ түймешігін басу

арқылы On қалпын таңдаңыз. Күту режиміне ауысқаннан кейін 45 минут өткенде, қолдан жаңарту үрдісі автоматты түрде

жүзеге асырылады. Теледидардың қорек көзі ішкі жақтан қосылатындықтан, LED жарықтамалы теледидардың бейнебеті

шала жанып тұруы мүмкін. Бұл құбылыс бағдарламалық жасақтаманы жаңартудың соңына дейін 1 сағат бойы жалғасуы

мүмкін.
alternative Software (Backup)

Жаңа бағдарламалық жасақтама теледидар жұмысына әсер етіп жатса, онда алдыңғы нұсқаны қайта орнатуыңызға

болады.

Бағдарламалық жасақтаманы өзгертсеңіз, теледидар жадындағы жасақтама көрсетіледі.
Ағымдық бағдарламалық жасақтаманы

alternative Software көмегімен ауыстыруыңызға болады.

HD Connection Guide

Бұл мәзір HD теледидары үшін ең тамаша сапаны ұсынатын, ең тиімді қосылым түрін ұсынады. Теледидарға сыртқы

құрылғыларды жалғаған кезде осы ақпаратқа сүйеніңіз.

Contact Samsung

Теледидар дұрыс жұмыс істемеген кезде не бағдарламалық жасақтаманы жаңартқыңыз келген кезде осы ақпаратты

қараңыз. Қызмет көрсету орталығы, өнім туралы және бағдарламалық жасақтаманы желіден көшіріп алу тәсілдерін білу

үшін де осы ақпаратты қараңыз.

N

N
N

N

N

N

N
N

Tеледидардың артқы панелі

USB драйвер

Current Version

2009/01/18_000001

By USB

By Channel
Standby Mode Upgrade

: 45 Min

Min

Alternative Software

2009/01/15_00000

U Move E Enter R Return

Software Upgrade

BN68-01968Q-Kaz.indb 29

2009-04-20 �� 11:22:24

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: