Қолдану: samsung smart control, Видео сигнал көзін таңдау, Samsung smart control құралын жұптастыру – Инструкция по эксплуатации Samsung UE55HU9000T
Страница 89: Samsung smart control құралын қайта қосу, Түймешігі, Tools
Казақ - 15
Каз
ақ
Қолдану: Samsung Smart Control
Samsung Smart Control құралы ТД-ды барынша оңай және ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді. KEYPAD
түймешігін бассаңыз, экранда виртуальды қашықтан басқару құралы пайда болады да, сандарды оңай енгізуге,
мазмұн элементін басқаруға және функцияларды пайдалануға мүмкіндік береді.
- Samsung Smart Control құралын 6м-ден аз қашықтықта тұрып пайдалануды ұсынамыз. Сонымен қатар, осы
түймешікті ТД-ды қарап отырып басқан кезде алдыңғы арнаға қайта оралуға болады.
Samsung Smart Control құралын жұптастыру
ТД-ды Samsung Smart Control құралымен басқару үшін Samsung Smart Control құралын Bluetooth арқылы ТД-мен
жұптастыру керек. Samsung Smart Control құралын ТД-мен жұптастырыңыз.
- Samsung Smart Control құралын тек бір ғана ТД-мен жұптастыруға болады.
ТД-ды қосу үшін Samsung Smart Control құралын ТД-дың қашықтан басқару сенсорына бағыттап TV түймешігін
басыңыз.
- Қашықтан басқару ресиверінің орналасатын жері үлгіге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Samsung Smart Control құралын қайта қосу
Samsung Smart Control жұмыс істеуін тоқтатса немесе дұрыс жұмыс істемесе, батареяларын ауыстырыңыз, себебі
батареяның қуаты жеткіліксіз болуы мүмкін.
Мәселе сонда да шешілмесе, Samsung Smart Control құралы ТД-мен қайта жұптасады.
Видео сигнал көзін таңдау
Қосылған сыртқы құрылғыны SOURCE түймешігін басып
таңдауға болады.
Мысалы, екінші HDMI ұяшығына қосылған ойын
құрылғысына қосылу үшін SOURCE түймешігін басыңыз.
Кіріс сигналын HDMI режиміне ауыстыру үшін Сигнал
көзі тізімінен HDMI2 параметрін таңдаңыз. Құрылғыға
байланысты ұяшық атаулары әр түрлі болуы мүмкін.
Сигнал көзі бейнебетінде келесі функцияларға
қолжетімді
TOOLS
түймешігі
Сыртқы құрылғыға қосылған ұяшықты таңдаңыз
да, Enter түймешігін басып ұстап тұрыңыз. Келесі
функцияларға қолжетімді:
- Әр ұяшықта қолжетімді функциялар әр түрлі
болуы мүмкін.
Атын өзгерту
Сыртқы құрылғыларды оңай ажырату үшін ТД-ға
қосылған құрылғыларға қайта атау беріңіз.
Мысалы, ТД-ға HDMI-DVI сымымен қосылған
компьютерді DVI PC деп атауға болады.
Сондай-ақ, ТД-ға HDMI сымымен қосылған
компьютерді ДК деп атаңыз.
Сонымен қатар, ТД-ға HDMI-DVI сымымен қосылған
АВ құрылғыны DVI құрылғы-ры деп атаңыз.
Ақпарат
Қосылған құрылғылар туралы толық ақпаратты
қараңыз.
Anynet+ (HDMI-CEC)
ТД-ға қосылған Anynet+ (HDMI-CEC)-сыйысымды
құрылғылар тізімін көрсетеді.
- Бұл функция Anynet+ (HDMI-CEC) параметрі Қосу
қалпына қойылғанда ғана жұмыс істейді.
USB құрылғысын алып тастау
ТД-ға қосылған USB құралын қауіпсіз түрде ағыту
үшін қолданылады. Бұл функция USB құралы
таңдалса ғана жұмыс істейді.
[HU9000-RU]BN68-06777J-00L04.indb 15
2014-08-07 1:30:03