Инструкция по эксплуатации Samsung PS51E550D1W

Страница 84

Advertising
background image

Казақ - 18

Ақаулықты түзету

ТД-ға қатысты қандай да бір сұрағыңыз болса, алдымен осы тізімді қараңыз. Егер ақаулықты

түзетуге қатысты кеңестердің біреуі де көмектеспесе, “www.samsung.com” торабының қолдау

көрсету бөліміне барыңыз немесе осы нұсқаулықтың артқы мұқабасында көрсетілген тізімдегі

байланыс орталығына хабарласыңыз.

Ақаулық

Шешімі және түсіндірмесі

ТД іске қосылмайды.

АТ сымының қабырғадағы розеткаға және ТД-ға мықтап

жалғанғанын тексеріңіз.

Қабырғадағы розетканың жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.

ТД-дың

P

түймешігін басып көру арқылы, ақаулықтың қашықтан

басқару пультіне байланысты емес екеніне көз жеткізіңіз. Егер

теледидар қосылса, төмендегі “Қашықтан басқару пульті жұмыс

істемейді” тармағын қараңыз.

Ешбір сурет/видео жоқ.

Сым қосылымдарын тексеріңіз (ТД мен сыртқы құрылғылардың

барлық сымдарын ағытып алыңыз да, қайта жалғаңыз).

Сыртқы құрылғыңыздың (Кабель/Жерсерік ресивері, DVD, Блю-

рей т.с.с.) видео шығысын, ТД-дың кіріс ұяшықтарына сәйкес

келтіріп жалғаңыз. Егер сыртқы құрылғының шығысы HDMI

болса, оны ТД-дың HDMI кіріс ұяшығына жалғау керек.

Жалғанған құрылғылардың электр желісіне қосулы тұрғанын

тексеріңіз.

Дұрыс сигнал көзін таңдауды ұмытпаңыз.

Құрылғының қорек сымын қайта жалғау арқылы, жалғанған

құрылғыны қайта іске қосыңыз.

Қашықтан басқару пульті

жұмыс істемейді.

Қашықтан басқару пульті батареяларының (+/–) полюстарын

дұрыс келтіріп салыңыз.

Пульт сенсорының сигнал шығатын терезесін тазалаңыз.

Қашықтан басқару пультін ТД-ға 5~6 фут қашықтықтан тура

бағыттап көріңіз.

Кабель/жерсерік

ресиверінің қашықтан

басқару пульті, ТД-ды іске

қоспайды не сөндірмейді,

үнділігін реттемейді.

Кабель/жерсерік ресиверінің қашықтан басқаратын пультін,

теледидарды басқаратын етіп бағдарламалаңыз. SAMSUNG

ТД кодын, Кабель/жерсерік ресиверінің пайдаланушы

нұсқаулығынан қараңыз.

Жоғарыдағы суреттер мен функциялардың кейбірі, құрылғының арнайы үлгілерінде ғана

бар.

ТД-ды ең оңтайлы күйде ұстау үшін бағдарламаның соңғы нұсқасын веб-сайттан (samsung.

com -> Қолдау -> Қотару) USB арқылы орната аласыз.

[PE550-RU]BN68-04057H-01L04.indb 18

2012-09-06 �� 2:37:41

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: