5kaz, Ақаулықтарды жою, Басқа ескертпелер – Инструкция по эксплуатации Samsung DA-F60

Страница 13: Техникалық сипаттар

Advertising
background image

5

KAZ

Казақ

АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ

Қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын, мына шешімдерді тексеріңіз:

Құрал қосылмайды.

Қуат штепселін розеткаға қосыңыз.

Батарея қуаты толығымен таусылған
болса, ойнатқыш қосылмайды. Батареяны
зарядтап, ойнатқышты қайтадан қосыңыз.

Батареяның заряды біткен бе, соны
тексеріңіз.

Түйме басылған кезде функция жүзеге
аспайды

Қуат штепселін ажыратып, қайтадан
қосып көріңіз.

Түймелер іске қосылатын функцияларға
сəйкес пе, соны тексеріңіз.

Дыбыс шықпайды.

Құрылғының дұрыс қосылғанын тексеріңіз.

Дыбысты өшіру функциясы қосулы ма,
соны тексеріңіз.

Дыбыс деңгейі ең төмен деңгейге
орнатылған ба, соны тексеріңіз.

Құрылғының қуаты өшірулі.

Құрылғы төмендегідей жағдайларда
автоматты түрде өшеді.

-

Кабель AUX режимінде жалғанып
тұрған кезде 8 сағат бойы ешбір
ПЕРНЕ болмаса.

-

AUX режимінде AUX кабелі 25 минут
бойы ажыратылып тұрса.

-

Bluetooth немесе SoundShare режимі
осы құрылғыдан 25 минут бойы
ажыратылып тұрса.

-

Смартфон зарядталып жатқанда ол
өшпейді.

AUX режимінде дыбыс шығарылмайды.

Сыртқы құрылғының қуатын жəне музыка
ойнатылып жатқан-жатпағанын тексеріңіз.

AUX режимі таңдалғанын тексеріңіз.

Дыбыстық кабель дұрыс қосылғанын
тексеріңіз.

Өнімнің/сыртқы құрылғының дыбыс
деңгейін көтеріңіз.

Дыбысты бөлісу (Теледидармен жұптау)
сəтсіз аяқталды.

Теледидардың SoundShare функциясын
қолдайтынын тексеріңіз. (http://www.
samsung.com)

Теледидарда ең соңғы
микробағдарламаның бар екенін тексеріңіз.

Выполните сброс настроек устройства.

Қосылым аяқталғаннан кейін де функция
дұрыс жұмыс істемесе, Samsung көмек
беру орталығымен байланысыңыз.

Сымсыз Жылжымалы Аудио құрылғы
келесі жағдайларда дұрыс іздемеуі немесе
қосылмауы мүмкін.

Сымсыз Жылжымалы Аудио құрылғы
айналасында күшті электр өрісі болса.

Сымсыз Жылжымалы Аудио құрылғы
ойнатқышымен бірнеше Bluetooth
құрылғысы бір уақытта жұпталған болса.

Bluetooth құрылғысы кенеттен өшсе
немесе дұрыс жұмыс істемесе.

Авторлық құқық
©2013 Samsung Electronics Co.,Ltd.
Барлық құқықтары қорғалған. Samsung Electronics Co. компаниясының алдын ала жазбаша
рұқсатынсыз осы пайдаланушы нұсқаулығын ішінара немесе толық қайта басуға немесе
көшіруге тыйым салынады.

БАСҚА ЕСКЕРТПЕЛЕР

Батарея туралы

Батарея қуаты азайса, қызыл көрсеткіш жыпылықтай бастайды жəне кейде өшеді.

Батареяның қуаты жеткіліксіз болса, қуат түймесі басылғанда өнім қосылмайды. Оның
орнына, батарея көрсеткіші бірнеше рет қызыл болып жыпылықтап, өшеді.

Батарея көрсеткіші жыпылықтап тұрғанда, барлық басқа түймелер жұмыс істемейді.

Батарея қуаты толығымен таусылса, барлық функция, дыбыс деңгейі жəне басс
параметрлері баптандырылады.

NFC туралы

Bluetooth қосылымына арналған NFC тегі қуатты қосу жəне өшіру кезінде орнатылмайды.

Bluetooth қосылымына арналған NFC тегі батарея көрсеткіші жыпылықтап тұрған кезде
жұмыс істемейді.

Автоматты Bluetooth байланысы туралы

Автоматты қосылым сынағында басқа Bluetooth құрылғысына қосылу шектелуі мүмкін.
Басқа Bluetooth құрылғысына қосылу үшін өнімнің Bluetooth режимін жұптау режиміне
ауыстырыңыз. (3-бетті қараңыз.)

ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАР

Үлгі аты : DA-F60/DA-F61

Өлшемдері (ені x қалыңдығы x биіктігі) :
225 x 46,5 x 131 мм

Қуаттың кіріс : 14В 2.5A

Жұмыс істеу температурасы : +5°C~+35°C

Энергияны тұтыну : 23Вт

Жұмыс істеу ылғалдылығы :
10 % пен 75 % арасында

Салмағы : 1,1 кг

-

Samsung Electronics Co., Ltd компаниясы техникалық сипаттарды ескертусіз өзгертуге құқылы.

-

Салмағы мен өлшемдері шамамен алынған.

aptX

®

: aptX сымсыз байланыс арқылы сымды дыбыс сапасын қамтамасыз ете отырып

жоғары сапалы Bluetooth стерео дыбысын тыңдауға мүмкіндік береді.

Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер мен кескіндер тек анықтама ретінде берілген
жəне өнімнің нақты түрі өзгеше болуы мүмкін.

Төмендегі жағдайдың бірінде əкімшілік ақы алынуы мүмкін:
(a) инженер өтініш бойынша шақырылса, бірақ өнімде ешқандай ақау болмаса

(яғни, осы пайдаланушы нұсқаулығын оқымағансыз).

(b) құрылғыны жөндеу орталығына апарсаңыз, бірақ өнімде ешқандай ақау болмаса

(яғни, осы пайдаланушы нұсқаулығын оқымағансыз).

Мұндай əкімшілік ақының көлемі қандай да бір жұмыс орындалмастан немесе үйге бармастан
бұрын хабарланады.

Advertising