Циклды ауыстырғышты пайдалана отырып кір жуу – Инструкция по эксплуатации Samsung WF0700NBX-YLP

Страница 105

Advertising
background image

Кір жуу _25

02

КІР ЖУУ

Циклды ауыстырғышты пайдалана отырып кір жуу

Samsung компаниясы шығарған Fuzzy Control кір жууды автоматты басқару

жүйесінің арқасында кір жуу оңай, əрі ұнамды іс болады. Кір жуу

бағдарламасын таңдаған кезде машина дұрыс температураны, кір жуу

уақыты мен жылдамдығын өзі белгілейді.

1. Су құбыры кранын ашыңыз.

2. Қосу түймешесін басыңыз.

3. Есігін ашыңыз.

4. Заттарды кезекпен мөлшерден асырмай машина багына тығыздамай бос

етіп салыңыз.

5. Есігін жабыңыз.

6. Бөліктерге сəйкес келетін кір жуу құралын, кір жууға арналған

кондиционер мен алдын ала арнайы арналған бөліктеріне салыңыз.

Алдын ала кір жуу режимі «Мақта», «Синтетика», «Балалар киімі»

жəне «Күнделікті» циклдары таңдалса ғана қосылады. Мұндай жуу

заттар өте кір болса ғана қолданылады.

7.

Мата түріне сəйкес қажет циклді таңдау үшін цикл ауыстырғышты

пайдаланыңыз: «Мақта», «Синтетика», «Жүнді қолмен жуу», «Балалар

киімі», «Күнделікті» жəне «Жылдам 15’». Басқару панелінде сəйкес

индикаторлар жанып тұрады.

8. Енді сəйкес түймешелердің көмегімен кір жуу температурасын, шаю

санын, сығудың айналым саны мен кейінге қалдыру уақытын таңдауға

болады.

9. Қосу/Тоқтатып қою түймешесін басыңыз, кір жуу басталады. Кір

жуу индикаторы жанып, дисплейде кір жуу циклінің қалған уақыты

көрсетіледі.

Тоқтатып қою қызметі(бірқатар модельдерде қарастырылған)

Кір жуу басталғаннан кейін 5 минут ішінде кірді қосуға немесе

азайтуға болады.

1. Есігін ашу үшін Қосу/Тоқтатып қою түймешесін басыңыз.

Егер су өте ЫСТЫҚ немесе су деңгейі өте ЖОҒАРЫ болса, есікті

ашуға болмайды.

2. Есігін жапқаннан кейін кір жууды жалғастыру үшін Қосу/Тоқтатып қою

түймешесін басыңыз.

Кір жуу циклі аяқталды.

Кір жуу циклі толығымен аяқталғаннан кейін кір жуғыш машина қуаты

автоматты түрде өшеді.

1. Есігін ашыңыз.

2. Кірді шығарыңыз.

WF0702NB-02801K_KK.indd 25

2010-6-10 16:28:34

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: