Сақтандырудың маңызды шаралары – Инструкция по эксплуатации Samsung VCJG248H

Страница 35

Advertising
background image

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар _03

САҚТАНДЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ШАРАЛАРЫ

Осы нұсқаулықты мұқият оқыңыз. Қосар алдында электр желісінің қуаты аспаптың

астына жабыстырылған шаңсорғыштың техникалық сипаттамасы көрсетілген кестедегі
мəліметке сай екендігіне көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ: Шаңсорғышты дымқыл кілемдерді немесе едендерді тазарту үшін

пайдаланбаңыз. Шаңсорғышпен су сормаңыз.
Балалардың көзінше кез келген тұрмыстық аспапты пайдаланған кезде ерекше

ұқыпты болу керек. Балаларға шаңсорғышпен ойнауға рұқсат бермеңіз. Ересектердің
қадағалауынсыз балаларға шаңсорғышты қосуға рұқсат бермеңіз. Шаңсорғышты
аталмыш нұсқаулықта көрсетілген мақсатта ғана пайдаланыңыз.
Шаңсорғышты шаң жинағыш қабынсыз қолданбаңыз.

Шаңсорғышыңыз тиімді жұмыс істеу үшін шаң жинағыш қапты толуға жеткізбей
ауыстырыңыз.
Шаңсорғышты ши, ыстық күл немесе темекі тұқылдарын жинау үшін пайдаланбаңыз.

Шаңсорғыштың ас үй плитасы немесе басқа да жылу көздерінің жанында орналасуына
жол бермеңіз. Жоғары температура аспаптың пластикалық бөлшектерінің майысып
жəне ағарып кетуіне əкеліп соғуы мүмкін.
Шаңсорғышпен қатты, үшкір заттарды жинауға болмайды, себебі олар шаңсорғыштың

бөлшектеріне нұқсан келтіруі мүмкін. Шлангтың үстіне тұрмаңыз. Шланг үстіне ауыр
заттар қоймаңыз. Соратын немесе шығаратын тесіктерді бекітпеңіз.
Розеткадан электркөзі шнурын ажыратпас бұрын шаңсорғышты корпусының үстіндегі

түймешені басу арқылы өшіріңіз. Қапшығын немесе шаң жинағыш контейнерін
шығармас бұрын электркөзі шнурының айырын электр розеткасынан ажыратыңыз.
Электркөзі шнурын бүлдіріп алмас үшін шнурдан емес айырдан ұстап розеткадан
ағытқан дұрыс.
Егер олардың іс-қимылдары бақыланбаса немесе жабдықты пайдалануға қатысты

қауіпсіздікке жауап беруші тарапынан таныстырылмаса, бұл құрылғы тəжірибесі
мен білімі жоқ, физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой кемістігі шектеулі жандарға
(балаларды қоса алғанда) арналмаған.
Балалар ойыншық ретінде қолданбас үшін оларды қараусыз қалдыруға болмайды.
Аспапты тазарту немесе күтіп-баптамас бұрын шнур айырын желі розеткасынан

ажырату керек.
Ұзартқыштар пайдалануға болмайды.

Егер шаңсорғыш дұрыс істемесе, оны электр желісінен ажыратып, ресми сервис

агентімен кеңесіңіз.
Егер электркөзі шнуры зақымданса, қауіптен сақтану үшін оны өндіруші немесе оның

сервис агенті немесе біліктілігі соған сай маман ауыстыруы керек.
Шаңсорғышты шлангысынан ұстап көтеруге болмайды. Ол үшін шаңсорғыштағы

тұтқаны пайдаланыңыз.
Егер шаңсорғышты пайдаланбасаңыз, айырын розеткадан суырып алыңыз. Бұдан

бұрын шаңсорғышты өшіріңіз.

DJ68-00661B.indb 03

DJ68-00661B.indb 03

2012.4.2 3:11:56 PM

2012.4.2 3:11:56 PM

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: