Желі қызметтері – Инструкция по эксплуатации Samsung BD-E5500

Страница 98

Advertising
background image

Желі қызметтері

AllShare Network функциясын пайдалану

AllShare компьютердегі немесе DLNA үйлесімді құрылғыдағы бейнелерді, фотосуреттерді

немесе музыканы сымсыз желілік байланысты пайдаланып ойнатқыш арқылы ойнатуға

мүмкіндік береді.

AllShare бағдарламалық құралын жүктеу үшін

Компьютерде немесе DLNA құрылғысында AllShare функциясын пайдалану үшін

компьютерге AllShare бағдарламалық құралын орнату керек.

Samsung.сom веб-торабынан компьютердің бағдарламалық құралын жүктеп алуға және

AllShare функциясын пайдалану туралы егжей-тегжейлі нұсқауларды алуға болады.
1. www.samsung.com веб-торабына өтіңіз.
2. Беттің жоғарғы жағындағы Қолдау түймесін басыңыз.
3. Қолдау бетінде Модель нөмірі өрісіне ойнатқыш моделінің нөмірін енгізіңіз де, v

түймесін басыңыз.

4. Пайда болғанда бетте Жүктеулер астында сол жақта Жүктеулерді алу түймешігін

басыңыз.

Жүктеу орталығы пайда болады.

5. Жүктеу орталығы бетінде Бағдарламалық құрал қойындысын басыңыз.
6. Бағдарламалық құрал қойындысындағы AllShare жолының оң жағында Файл белгішесін

басыңыз.

7. Пайда болған қалқымалы терезеде, Файлды сақтау түймешігін басыңыз.
8. Дискідегі AllShare орнату файлын тауып, файлды екі рет басыңыз.
9. Пайда болған қалқымалы терезеде Іске қосу түймесін басып, экранда пайда болған

нұсқауларды орындаңыз.

Бағдарламалық құрал қойындысынан оң жақтағы Файл бағанында тиісті PDF файлының

таңбасын басу арқылы AllShare орнату/пайдалану нұсқаулығын жүктеп алыңыз. PDF

пішіміндегі файл жүктеліп, ашылады. Файлды қарауға және/немесе сақтауға болады.

Компьютерде немесе DLNA құрылғысында орналасқан мазмұнды

Blu-ray диск ойнатқышы арқылы ойнату

1. Бір сымсыз желіге Blu-ray диск ойнатқышын, компьютеріңізді және/немесе DLNA

үйлесімді ұялы телефоныңызды жалғаңыз.

2. Ойнатуға немесе қарауға арналған құрылғылар мен файлдарды орнату үшін

AllShare бағдарламалық құралын орнату/пайдалану нұсқаулығындағы нұсқауларды

орындаңыз.

3. «Главная» экранында Мое устр-во тармағын таңдаңыз да, v түймешігін басыңыз.

AllShare экраны пайда болады.

4. Жалғанған DLNA үйлесімді құрылғысын немесе компьютеріңізді таңдаңыз да, v

түймесін басыңыз. Қол жетімді файлдар тізімі бар экран пайда болады.

5. Қарайтын немесе ойнататын файлды таңдаңыз да, v түймесін басыңыз.

AllShare байланысы

Компьютер

Blu-ray диск

ойнатқышы

Компьютер файлдарын ойнату

|

26

Қазақша

02025Z-BD-E5500-RU-KAZ-SEIN.indd 26

2012-04-23 오전 10:05:24

Advertising