Қауіпсіздік туралы ақпарат, Маңызды сақтық шаралары – Инструкция по эксплуатации Samsung SC9674

Страница 35

Advertising
background image

қауіпсіздік туралы ақпарат _3

қауіпсіздік туралы ақпарат

МАҢЫЗДЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

1. Барлық нұсқауларды мұқият оқыңыз. Іске қосар алдында электр желісіндегі кернеудің,

шаңсорғыштың астыңғы жағындағы техникалық ақпарат тақтайшасындағы мәнге сай

келетініне көз жеткізіңіз.

2. ЕСКЕРТУ: Еден сүрткіш немесе еден дымқыл болса шаңсорғышты қолданбаңыз.

Су сору үшін қолданбаңыз.

3. Құрылғыны балалар қолданса немесе бала жақын жүрген жерде қолданылса,

мұқият қадағалау керек. Шаңсорғышты ойыншық ретінде қолдануға рұқсат бермеңіз.

Шаңсорғышты қолданған кезде байқаусыз қалдыруға болмайды. Шаңсорғышты осы

нұсқауларда көрсетілген мақсатта ғана қолданыңыз.

4. Шаңсорғышты шаң сауытын салмай қолданбаңыз. Құрылғы тиімді жұмыс істеуі үшін

шаң сауытын толтырмай тұрып босату керек.

5. Шаңсорғышты сіріңкені, ыстық күлді немесе шылым тұқылын сору үшін қолданбаңыз.

Шаңсорғышты пештер мен басқа қызу көздерінен алыс ұстаңыз. Қызу құрылғының

пластик бөліктерінің түсін оңдыруы және деформациялауы мүмкін.

6. Қатты, өткір заттарды шаңсорғышпен тазаламаңыз, себебі бұндай заттар

шаңсорғыштың бөліктеріне зиян келтіруі мүмкін. Түтікті басып тұрмаңыз. Түтікке

салмақ салмаңыз. Ауа сору немесе шығару саңылауларын бітемеңіз.

7. Құрылғыны розеткадан ағытпай тұрып, шаңсорғыштың корпусындағы тетік арқылы

сөндіріңіз. Шаң сауытын босатар алдында ашаны розеткадан суырыңыз. Ашаны

розеткадан суырған кезде, зақым келмес үшін сымынан тартып емес, ашаның өзінен

ұстап суырыңыз.

8. Бұл құрылғы кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану

тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар (балаларды қоса алғанда) қолдануға

арналмаған. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы

немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.

9. Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.
10. Құрылғыны тазалау немесе оған күтім көрсету жұмыстарын жүзеге асыру үшін

ашаны розеткадан суыру керек.

11. Ұзартқыш сымды қолдану ұсынылмайды.
12. Егер шаңсорғыш дұрыс жұмыс істемей тұрса, тоқтан ажыратып, уәкілетті қызмет

көрсету маманына хабарласыңыз.

13. Қорек сымы бүлініп қалса, қатерлі жағдай орын алмас үшін оны өндіруші немесе

өндірушінің уәкілетті агенті немесе білікті адам ауыстыруға тиіс.

14. Шаңсорғышты түтігінен ұстап алып жүрмеңіз.

Шаңсорғыштың тұтқасынан ұстаңыз.

15. Шаңсорғышты қолданбаған кезде ашасын розеткадан суырыңыз. Ашаны розеткадан

суырмай тұрып, қуат тетігін ажыратыңыз.

DJ68-00621B-09.indb 3

13. 7. 22. �� 5:09

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: