Басқа мағлұматтар – Инструкция по эксплуатации Samsung LE32C454E3W

Страница 151

Advertising
background image

34

Қазақша

Басқа мағлұматтар

Ұрлыққа қарсы қолданылатын Кенсингтон Құлпы

Кенсингтон құлпы - құрылғыны қоғамдық жерлерге орнатқан кезде

бекітуге арналған құрал. Құлыптың сыртқы көрінісі және құлыптау

тәсілі өндірушісіне байланысты әр түрлі болып келеді. Кенсингтон

құлпын дұрыс пайдалану үшін оның пайдаланушы нұсқаулығын

қараңыз.

Теледидардың артқы жағындағы “

K” таңбасын табыңыз.

Кенсингтон ұяшығы “K” таңбасының артында орналасқан.

Құрылғыны құрсаулау үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Кенсингтон құлпының сымын тақта немесе орындық тәрізді үлкен,

орнықты затты айналдыра орап бекітіңіз.

2. Сымның құлып бекітілген ұшын Кенсингтон құлпы сымының құлақшасы бар ұшынан өткізіңіз.

3. Бекіту құралын құрылғының Кенсингтон ұяшығына салыңыз (1).
4. Құлыпты бекітіңіз.

Бұл жалпылама нұсқаулар. Нақты нұсқау алу үшін, бекіту құралының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

Құлып жеке сатылады.

Кенсингтон құлпының орналасатын жері оның үлгісіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

Теледидарды қабырғаға бекіту

Абай болыңыз: Теледидарды тартса, итерсе немесе үстіне шықса, ол құлап кетуі мүмкін. Әсіресе,

балалардың теледидар үстіне шықпауын немесе оны жылжытпауын қадағалаңыз; себебі теледидар

аударылып кетіп, ауыр жарақатқа не адам қазасына әкеліп соғуы мүмкін. Қоса жеткізілген қауіпсіздік

парағындағы сақтық шараларының барлығын орындаңыз. Барынша орнықты ету үшін, аударылып

кетуден сақтайтын құралды сақтық мақсатында төмендегідей орнатыңыз.

Теледидар құлап қалуға жол бермес үшін

¦

Бұранда қапсырмасы, бұрандалар мен бау құрылғымен

бірге жеткізілмейтіндіктен оларды жеке сатып алу қажет.

1. Бұрандаларды қапсырмаларға салыңыз да, қабырғаға

мықтап бекітіңіз. Бұрандалардың қабырғаға берік

орнатылғанын тексеріңіз.

Бұранданың техникалық сипаттамасы

17 ~ 29 дюймдік, СКБ теледидарға арналған: M4

x

32 ~ 40 дюймдік, СКБ теледидарға арналған: M6

x

2. Бұрандаларды теледидардың артқы орта жағынан алыңыз

да, қапсырмаға салыңыз, содан соң бұрандаларды

қайтадан теледидарға бекітіңіз.

3. Теледидарға бекітілген қапсырмалар мен қабырғаға

бекітілген қапсырмаларды берік сым арқылы жалғап,

содан соң мықтап байлаңыз.
Барлық қосылымдардың мықтап жалғанғанына

көз жеткізіңіз. Қосылымдардың босап қалмағанын

мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз. Қосылымдардың

берік екендігіне күмәндансаңыз, білікті маманға

хабарласыңыз.

Теледидар артқа қарай құлап кетпес үшін қабырғаға таяу орнатыңыз.

Сақтық мақсатында қабырғаға бекітілген қапсырма мен теледидарға бекітілген қапсырма бір деңгейде не

одан төменірек тұру үшін оларды сыммен қосып байлаған дұрыс.

Бауды теледидарды жылжытпай тұрып шешіңіз.

Қабырға

<Қосымша>

1

BN68-02592J-Kaz.indb 34

2010-04-29 �� 8:02:19

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: