Кеңейтілген функциялары, Желі параметрлерін орнату (auto), Желі параметрлерін орнату (manual) – Инструкция по эксплуатации Samsung LE40C650L1W

Страница 180

Advertising
background image

24

Қазақша

Кеңейтілген функциялары

Желі параметрлерін орнату (Auto)

Теледидарды DHCP функциясына қолдау көрсететін

желіге қосу үшін автоматты

Network Setup параметрін

қолданыңыз. Теледидарды сым арқылы желіге

автоматты түрде қосылатын етіп баптау үшін мына

қадамдарды орындаңыз:

Автоматты қосылым параметрін орнату
1.
Теледидарыңызды LAN желісіне алдыңғы

тараудағы нұсқауларға сай жалғаңыз.

2. Теледидарыңызды қосыңыз да, қашықтан басқару

пультіндегі

MENU

түймешігін басыңыз, ▲ немесе

▼ түймешігін қолданып

Setup мәзірін таңдаңыз да,

содан кейін

ENTER

E түймешігін басыңыз.

3. ▲ немесе ▼ түймешігін қолданып, Setup мәзірінен

Network параметрін таңдаңыз да, содан кейін

ENTER

E түймешігін басыңыз. "Network" бейнебеті

көрсетіледі.

Network

Network Type

: Wired

Network Setup
Network test

SWL(Samsung Wireless Link)

: Off

SWL connect

U Move E Enter R Return

4. Network бейнебетінен Network Type параметрін

таңдаңыз.

5. Network Type режимін Wired қалпына қойыңыз.
6. Network Setup таңдаңыз. Network Setup бейнебеті

көрсетіледі.

Network Setup

Internet Protocol Setup

: Auto

IP Address

:

Subnet Mask

:

Gateway

:

DNS

:

Auto

DNS Server

:

U Move E Enter R Return

7. Internet Protocol Setup режимін Auto қалпына

қойыңыз.

8. Auto параметрі, интернетке қосылуға қажет

мәндерді автоматты түрде алады және тиісті

жолақтарға енгізеді.

9. Екі минут күтіңіз де, содан кейін қашықтан басқару

пультіндегі

RETURN

түймешігін басыңыз.

10. Егер Network функциясы желі қосылымын жүзеге

асыру үшін қажетті мәндерді ала алмаса,

Manual

тармағындағы нұсқауларды қараңыз.

Желі параметрлерін орнату (Manual)

Теледидарды тұрақты IP мекенжайын қажет ететін

желіге қосу үшін

Network Setup параметрлерін қолдан

орнату режимін таңдаңыз.

Желі қосылымы үшін қажетті мәндерді алу
Windows жүйесі бар компьютерлер үшін желі қосылымы

параметрлерін алу үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Бейнебеттің оң жақ астында орналасқан Желі

белгішесін басыңыз.

2. Қалқымалы мәзір ашылған кезде Қалып-күй

қойындысын басыңыз.

3. Ашылған тілқатысу терезесіндегі Қолдау көрсету

қойындысын басыңыз.

4. Қолдау көрсету қойындысынан, Толық ақпарат

түймешігін басыңыз. Желі қосылымы мәндері

көрсетіледі.

Қосылым параметрін қолдан орнату
Теледидарды сым арқылы желіге қолдан қосу үшін

мына қадамдарды орындаңыз:
1. “Автоматты қосылым параметрін орнату”

тармағындағы 1-ден 6-ға дейінгі қадамдарды

орындаңыз.

2. Set Internet Protocol Setup режимін Manual

қалпына қойыңыз.

3. Бірінші мәтін жолағына бару үшін қашықтан басқару

пультіндегі ▼ түймешігін басыңыз.

4. IP Address, Subnet Mask, Gateway, және DNS

Server мәндерін енгізіңіз. Қашықтан басқару

пультіндегі сандары бар түймешіктердің көмегімен

сандарды көрсетіп, көрсеткі түймешіктер арқылы

бір жолақтан екінші жолаққа өтіңіз.

5. Мәндерді енгізгеннен кейін қашықтан басқару

пультіндегі

RETURN

түймешігін басыңыз.

6. Желі қосылымын тексеру үшін Network Test

параметрін қолданыңыз.

BN68-02558F-Kaz.indb 24

3/31/2010 10:41:13 AM

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: