Қауіпсіздік туралы ақпарат, Қандай қауіпсіздік нұсқауларын білуіңіз керек, Маңызды қауіпсіздік белгілері және сақтық шаралары – Инструкция по эксплуатации Samsung WF0804Y8E

Страница 96

Advertising
background image

4_ қауіпсіздік туралы ақпарат

қауіпсіздік туралы ақпарат

Жаңа Samsung кір жуғыш машинасын сатып алғаныңызбен құттықтаймыз.

Бұл пайдаланушы нұсқаулығында құрылғыны орнату, іске қолдану, оған

күтім көрсетуге қатысты маңызды ақпараттар қамтылған. Кір жуғыш

машинаңыздың көп мүмкіндіктері мен функцияларын толық қолдану үшін,

осы пайдаланушы нұсқаулығын уақыт бөліп оқып шығыңыз.

ҚАНДАЙ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫН БІЛУІҢІЗ КЕРЕК

Жаңа құрылғыңыздың мүмкіндіктері мен функцияларын қауіпсіз әрі тиімді қолдану жолдарын

білу үшін осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз да, келешекте қолданып жүру үшін құрылғыдан

алыс емес жерге сақтап қойыңыз. Бұл құрылғыны тек осы нұсқаулықта көрсетілген мақсатта ғана

қолданыңыз.

Осы нұсқаулықта көрсетілген ескертулер мен қауіпсіздік нұсқаулары, орын алуы мүмкін

жағдайлардың барлығын қамтымаған. Кір жуғыш машинаны орнату, оған күтім көрсету және іске

қосу барысында сақ болу, қарапайым сақтық шараларын сақтау сіздің міндетіңіз.

Себебі бұл пайдаланушы нұсқаулығында әр түрлі үлгілер қамтылған, сондықтан да сіздің кір

жуғыш машинаңыздың техникалық параметрлері осы нұсқаулықта сипатталған үлгілердің

параметрлерінен сәл өзгеше болуы және ескерту белгілерінің барлығы сізге бірдей қатысты

болмауы мүмкін. Егер сұрағыңыз немесе өзіңізді толғандырып жүрген мәселе болса, жақын

жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз немесе желідегі ақпаратты www.samsung.com

торабынан алыңыз.

МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Осы нұсқаулықтағы таңбалар мен белгілер нені білдіреді:

ЕСКЕРТУ

Адам қатты жарақат алатын, өлім жағдайына және/не мүлікке

зиян келтіретін қатерлі жағдайлар не қауіпті әрекеттер.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

Адам қатты жарақат алатын, және/не мүлікке зиян келтіретін

қатерлі жағдайлар не қауіпті әрекеттер.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

Кір жуғыш машинаны қолданған кезде өрт, жарылыс, электр

қатерін азайту үшін немесе адам жарақат алуға жол бермеу үшін

мына негізгі сақтық шараларын орындаңыз:

Әрекет ЕТПЕҢІЗ.

БӨЛШЕКТЕМЕҢІЗ.

Қол ТИГІЗБЕҢІЗ.

Нұсқауларды нақты орындаңыз.

Ашаны розеткадан суырыңыз.
Электр қатері орын алмас үшін құрылғының жерге қосулы екеніне

көз жеткізіңіз.
Қызмет көрсету орталығын көмекке шақырыңыз.

Ескерім

WF0804Y8-02842Z_KZ.indd 4

2011-2-19 11:05:54

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: