Микротолқынғатөзімдіыдыс-аяқ, Абай болыңыз – Инструкция по эксплуатации LG ML2881CP

Страница 70

Advertising
background image

10

ПАЙДАЛАНАрДАН БҰрЫН

Микротолқынфункциясынқолданғанкездеметалданжасалғаннемесеметаллжиегі

барыдыс-аяқтыпайдаланбаңыз

Микротолқындар металдан өте алмайды. олар пештің ішіндегі кез келген металл заттан кері серпіледі

де, найзағайға ұқсайтын қорқынышты құбылыс – ұшқын шығуына себеп болады. Металл емес

материалдардан жасалған ыстыққа төзімді ыдыс-аяқтың көпшілігі пеште пайдалану үшін қауіпсіз.

Дегенмен, олардың кейбіреуінің құрамында микротолқынды пеште тамақ пісіру үшін жарамсыз ететін

материалдар болуы мүмкін. егер нақты ыдысқа қатысты күмәніңіз болса, оларды микротолқынға

пайдалануға болатын-болмайтынын анықтаудың қарапайым жолы бар. Күмән тудырған ыдысты су

құйылған шыны шараның жанына микротолқын функциясын пайдаланған кезде қойыңыз. жоғары

қуатпен 1 минут микротолқынға қыздырыңыз. егер су ысып, ал ыдысты ұстаған кезде салқын күйінде

қалса, демек, ыдыс микротолқынға төзімді. Ал егер судың температурасы өзгермей, ыдыс жылыса,

демек, ыдыс микротолқындарды сіңіріп алады да, микротолқын функциясын пайдаланған кезде ол

қауіпсіз емес. Микротолқынды пеште тамақ пісіруге пайдаланыла алатын көптеген заттар қазір сіздің

ас бөлмеңізде болуы мүмкін. төмендегі тізімді бір қарап шығыңыз.

Таязтәрелкелер

Ас ішуге арналғанр ыдыс-аяқтың көптеген түрлері микротолқынды пешке төзімді.

егер күмәніңіз болса, өндірушінің құжаттарын қараңыз немесе микротолқында сынаңыз.

Шыныыдыс-аяқ

Ыстыққа төзімді шыны ыдыс-аяқты микротолқынды пеште пайдалануға болады. оған пешке арналған

қақталған шыны ыдыс-аяқтың барлық түрлері кіреді. Дегенмен, биік фужерлер немесе шарап ішетін

бокалдар сияқты жұқа шыны ыдысты пайдаланбаңыз, себебі тағам қызғанда олар сынып кетуі мүмкін.

Пластмассаданжасалғансауыттар

Бұларды тез жылытылуға тиіс тағам түрлерін сақтау үшін пайдалануға болады. Дегенмен, оларды

пеште ұзақ уақыт қыздырылатын тағамдарды ұстау үшін пайдаланбау керек, себебі ыстық тағам

соңында пластмасса сауыттарды қисайтын немесе балқытып жіберуі мүмкін.

Қағаз

Қағаз тәрелкелер мен сауыттар микротолқын функциясын пайдаланған кезде ыңғайлы әрі қауіпсіз,

бірақ тамақ пісіру уақыты қысқа болуға және тағамдар аз май мен суға пісірілуге тиіс. Қағаз сүлгілер

де тағамды орауға және бекон сияқты майлы тағамдар пісірілетін пісірме табақтарға төсеуге жарамды.

Жалпы алғанда, боялған қағаз бұйымдардан сақ болңыз, себебі бояуы жұғуы мүмкін.

Кейбір қайта өңделген қағаздан жасалған өнімдердің құрамында микротолқында пайдаланған кезде

ұшқын немесе от шығаратын қоспалар болуы мүмкін.

Пісіругеарналғанпластикқапшықтар

Пісірме қапшықтар тамақ пісіру үшін арнайы жасалған болса, олар микротолқынға төзімді. Дегенмен,

бу шыға алуы үшін қапшықты тесіп қоюды ұмытпаңыз. Әдеттегі пластик қапшықтарды микротолқын

функциясында тамақ пісіру үшін пайдаланбаңыз, себебі олар балқып және жыртылып кетуі мүмкін.

Микротолқындыпешкеарналғанпластмассаыдыс

Микротолқынды пешке арналған пішімі мен өлшемі алуан түрлі ыдыс-аяқ болады. Көп жағдайда, жаңа

ас үй жабдығын сатып алғаннан гөрі бұрыннан бар заттарды қолданған дұрыс болуы әбден мүмкін.

Қышыдыс,тастанжасалғанжәнекерамикаыдыс

осы материалдардан жасалған ыдыстар әдетте микротолқын функциясында пайдалануға әбден

жарайды, алайда сенімді болу үшін оларды тексерген дұрыс.

Микротолқынғатөзімдіыдыс-аяқ

• Құрамында қорғасын мен темір көп кейбір ыдыс-аяқ тамақ пісіруге онша жарамайды.

• Ыдыс-аяқтың микротолқынды пештерде пайдалану үшін жарамдылығын тексеру қажет.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

Advertising