Функциялар, 1 время (уақыт) – Инструкция по эксплуатации Electrolux EDC2086PDW

Страница 7

Advertising
background image

Бағдарламалар

Кір салынымының түрі / Кір салынымы (макс.)

1)

/ Мата белгісі

Легкая глажка

(Жеңіл үтіктеу)

Шамалы ғана үтіктеуді қажет ететін, көп күтім талап етпейтін

маталар. Кептіру нәтижесі әр матада әр түрлі болуы мүмкін.

Кірлерді құрылғыға салар алдында сілкілеңіз. Бағдарлама

аяқталған кезде заттарды дереу алыңыз да, ілгішке іліңіз. / 1кг

(немесе 5 жейде) /

Одеяла (Көрпе)

Бір қабат немесе қос қабатты көрпелерді және мамық немесе

синтетикалық толтырмасы бар жастықтарды кептіруге

арналған. Жылы ауаны пайдаланып баппен кептіретін

бағдарлама. / 3кг /

Тонкие ткани (Нәзік

мата)

Жібек маталар мен әйелдердің іш киімдеріне арналған. Жылы

ауаны пайдаланып баппен кептіретін бағдарлама. / 3кг

Шерсть (Жүн мата)

3)

Жүн маталар. Бағдарлама аяқталған кезде заттарды дереу

алыңыз. / 1кг

Жуылатын жүн маталар мен спорт аяқ киімдерін баппен

кептіру (Кептіру торын пайдалану керек — Кептіру торымен

бірге берілген бөлек пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз). / 1кг

(немесе 1 пар спорт аяқ киімі)

Освежить (Жаңарту) Шкафта тұрған маталарды жаңарту. / 1кг

Время (Уақыт)

Осы бағдарламада Time параметрін қолданып,

бағдарламаның уақытын орната аласыз. / 8кг /

Короткая (Жылдам) Мақта мата және синтетика маталарға арналған, төмен

температураны пайдаланады. / 2кг /

1) Кепкен заттардың ең үлкен салмағы.

2) Сынақ институттарына арналған: EN 61121 құжатында көрсетілген сынақтарға арналған стандартты

бағдарламалар.

3) Бұл бағдарлама Woolmark Company тарапынан бекітілген. Бұл "қолмен жуылады" деген затбелгісі

бар жүн мата заттарды кептіруге арналған. Жүн мата заттарды жуу және кептіргіш машинада кептіру

бойынша өндіруші нұсқауларын орындаңыз.

5. ФУНКЦИЯЛАР

5.1 Время (Уақыт)

Бұл параметр Время (Уақыт) бағдарламасы

мен Шерсть (Жүн мата) бағдарламасында

(Кептіру торы міндетті түрде пайдалану керек)

жұмыс істейді.

Аз кір жуғанда немесе бір ғана кірді

жуған кезде бағдарлама уақытын

азайтуды ұсынамыз.

• Время (Уақыт) бағдарламасы:

Бағдарламаның уақытын ең кемі 10

минуттан бастап, ең көбі 2 сағатқа дейін

қоюға болады. Уақыт параметрі

құрылғының ішіндегі кірдің мөлшеріне

байланысты қойылады.

• Шерсть (Жүн мата) бағдарламасы:

Бағдарламаның уақытын ең кемі 30

минуттан бастап, ең көбі 4 сағатқа дейін

қоюға болады. Уақыт параметрі

құрылғының ішіндегі кірдің мөлшеріне

байланысты қойылады.

Егер Время (Уақыт) параметрін Жүн мата

бағдарламасында бассаңыз, Шерсть (Жүн

мата) параметрі автоматты түрде

құрсауланады.

ҚАЗАҚ

7

Advertising