Ақаулықты түзету, 3 тоңазытқыштың мұзын еріту, 4 көміртекті сүзгіні ауыстыру – Инструкция по эксплуатации Electrolux ERF4161AOW

Страница 13

Advertising
background image

6.3 Тоңазытқыштың мұзын еріту

Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса, қырау

тоңазытқыш камерадағы буландырғыштан,

мотор компрессоры тоқтаған сайын

автоматты түрде шығарылады. Еріген су науа

арқылы құрылғының артқы жағында, мотор

компрессорының үстінде орналасқан арнайы

сауытқа жиналады да, сол жерде буға

айналады.

Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы тағамға

тамшыламас үшін тоңазытқыш бөліктегі

науаның ортасындағы еріген су ағатын

саңылауды мезгіл-мезгіл тазалап тұрған

маңызды

Құрылғымен бірге жеткізілетін арнайы

тазалағыш құралды пайдаланыңыз, оны су

ағатын тесіктен аласыз.

6.4 Көміртекті сүзгіні ауыстыру

Көміртекті сүзгі тамаша жұмыс істеуі үшін оны

жылына бір рет ауыстырып отыру керек.

Жаңа сүзгіні жергілікті дилерден сатып алуға

болады.

"Көміртекті сүзгіні орнату" тарауындағы

нұсқауларды қараңыз.

Ауа сүзгісі шығынды керек-жараққа жатады,

сондықтан кепілдікпен қамтылмайды.

7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

Құрылғы жұмыс жасап тұрған кезде, шамалы,

бірақ мазаны алатын шуыл естілуі мүмкін, бұл

үшін техник маманды шақырудың қажеті жоқ.

Келесі кестеде көрсетілген ақпарат босқа

қызмет ақысын төлеудің алдын алу үшін

беріледі.

Жұмыс жасап тұрған құрылғы өзіне

тән шуыл (компрессор және айналу

дыбысы) шығарады. Бұл ақаулық

емес, құрылғының қалыпты жұмысы.

Құрылғы үздіксіз жұмыс жасамайды,

сондықтан да, компрессордың тоқтап

қалуы электр қуаты өшті дегенді

білдірмейді. Сондықтан да,

құрылғының электр бөлшектеріне

құрылғыны электр желісінен ағытпай

тұрып қол тигізуге болмайды.

Ақаулық

Ықтимал себебі

Шешімі

Құрылғыдан шуыл

шығады.

Құрылғы дұрыс орнықпаған.

Құрылғының орнықты тұрған

тексеріңіз (барлық аяқтары

мен дөңгелектері еденге тиіп

тұруға тиіс). "Деңгейін реттеу"

тарауын қараңыз.

Дыбыстық сигнал

естіледі. Ескерту белгісі

жыпылықтайды.

Есік дұрыс жабылмаған.

"Есік ашық сигналын" қараңыз.

ҚАЗАҚ

13

Advertising