2 автоматты түрде сөндіру, 3 тілді таңдау, 4 қызу параметрі – Инструкция по эксплуатации Electrolux EHL98840FG

Страница 9: 5 connect function, 6 автоматты түрде қыздыру

Advertising
background image

4.2 Автоматты түрде сөндіру

Функция құрылғыны төмендегі жағдайларда

автоматты түрде тоқтатады:
• Барлық пісіру алаңдары сөндірулі болса.
• Құрылғыны іске қосқан соң қызу параметрін

орнатпасаңыз.

• Басқару панеліне бір нәрсе төгіліп қалса

немесе ол 10 секундтан артық (ыдыс, киім

т.с.с.) жабық қалса. Дыбыстық сигнал біраз

уақыт естіліп тұрады да, құрылғы сөнеді.

Заттарды алыңыз немесе басқару панелін

тазалаңыз.

• Құрылғы қатты қызып кетсе (мысалы,

кәстрөлдің ішіндегісі сарқылғанша

қайнаса). Пештің үстін қайта іске қоспас

бұрын пісіру алаңын суытып алу керек.

• Егер сай келмейтін ыдыс пайдаланылса. ?

белгісі жанып, пісіру алаңы 2 минуттан

кейін автоматты түрде сөнеді.

• Пісіру алаңын тоқтатпасаңыз немесе қызу

параметрін өзгертпесеңіз. Біраз уақыт

өткеннен кейін құрылғы сөнеді. Кестеге

қараңыз.

• Қызу параметрі мен Автоматты түрде

сөндіру функциясы уақыттарының ара

қатынасы:
– 1 — 3 — 6 сағат
– 4 — 7 — 5 сағат
– 8 — 9 — 4 сағат
– 10 — 14 — 1.5 сағат

4.3 Тілді таңдау

Тілді өзгерту үшін құрылғыны арқылы іске

қосып, содан кейін OK белгісін түртіңіз. Тіл

мәзірін көрсеткінің көмегімен орнатыңыз. OK

белгісін түртіп құптаңыз. Бейнебетте тілдер

тізімі көрсетіледі. Тілді орнату үшін немесе

түймешігін басыңыз. OK белгісін түртіп

құптаңыз.

4.4 Қызу параметрі

Қызу параметрінің басқару жолағын түртіңіз.

Параметрді өзгерту үшін саусағыңызды

басқару жолағының үстімен сырғытыңыз.

Дұрыс қызу параметрі орнатылмайынша

босатпаңыз.

4.5 Connect Function

Connect Function функциясын Infinite

Plancha керек-жарағымен бірге
қолданыңыз

1)

.

Connect Function функциясы ыдыстың

астындағы екі оң пісіру алаңын біріктіріп, бір

пісіру алаңы ретінде жұмыс істеткізеді.

Алдымен пісіру алаңдарының біріне қызу

параметрін орнатыңыз.

Connect Function функциясын іске қосу үшін

белгісін түртіңіз. Қызу параметрін орнату

немесе өзгерту үшін басқару сенсорларының

бірін түртіңіз.

Connect Function функциясын ажырату үшін

белгісін түртіңіз. Пісіру алаңдары дербес

жұмыс істейді.

4.6 Автоматты түрде қыздыру

Автоматты түрде қыздыру функциясын

қоссаңыз, қызу параметрінің қажетті мәніне

жылдамырақ жетуге болады. Бұл функция

біраз уақыт (сызбаны қараңыз) қыздыру

параметрінің ең жоғары мәнін орнатады да,

содан кейін қажетті қыздыру параметріне

дейін түсіреді.

Пісіру алаңын автоматты түрде қыздыру

функциясымен бірге бастау үшін:

1.

түймешігін басыңыз. (бейнебетте

жанады).

2.

Қажетті қыздыру параметріне дереу

басыңыз. 3 секундтан кейін бейнебетте

жанады.

Функцияны тоқтату үшін қызу параметрін

өзгертіңіз.

1) Infinite Plancha керек-жарағы құрылғымен бірге жеткізілмейді. Қосымша ақпаратты жергілікті

жабдықтаушыға хабарласып алыңыз.

ҚАЗАҚ

9

Advertising