Баптау менюі – Инструкция по эксплуатации haier LET32D10HF
Страница 81
27
Баптау менюі
Дыбыс режимін таңдау
Дыбысты баптау менюін таңдаңыз. Таңдау менюіне кіру
үшін ОК түймешігін басыңыз, одан кейін қажетті режимді
(Стандартты, Музыка, Театр, Спорт, Пайдаланушы) таңдау
үшін қашықтықтан басқару пультіндегі бағыттағыштың
Жоғары немесе Төмен түймешіктерін пайдаланыңыз.
Ескерту: Экран менюіне кірмей де дыбыс режимін
таңдай аласыз, ол үшін қашықтықтан басқару
пультіндегі S.MODE түймешігін басу қажет.
ЖЖ тембр
Жоғары дыбыстың салыстырмалы қарқындылығын
реттейді.
ТЖ тембр
Төмен дыбыстың салыстырмалы қарқындылығын
реттейді.
Баланс
Сол және оң арналардың арасындағы балансты реттейді.
Дыбысты автоматты реттеу
Арналар мен бағдарламалар арасындағы дыбыс
деңгейіндегі айырмашылықтарды жояды.
SPDIF режимі
Сандық аудио шығыс режимін таңдаңыз. Off, Auto
немесе PCM режимін таңдау үшін қашықтықтан басқару
пультіндегі бағыттағыштың Солға немесе Оңға түймешігін
пайдаланыңыз.
Аудио сипаттама
Аудио сипаттама режимін қосасыз немесе өшіресіз.
Дыбыс баптауларын қалпына келтіру
Дыбысты баптау параметрлерін бастапқы қалпына келтіре
аласыз.
Арналарды баптау
Автоматты баптау
Автоматты баптаудың ішкі менюіне кіру үшін, «Авто
баптау» пунктін таңдап, ОК түймешігін басыңыз.