Пайдалану – Инструкция по эксплуатации AEG 4703RVD-WN

Страница 5

Advertising
background image

• Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар болуға

тиіс: желіні қорғайтын ажыратқыштар,

сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған

бұрандалы сақтандырғыштар), жерге

тұйықталудан қорғау тетіктері мен

тұйықтағыштар.

• Электрлік қондырғыда оқшаулағыш

құрылғы болуға тиіс, ол құрылғыны барлық

магниттік полюстерде желіден ажыратуға

мүмкіндік береді. Оқшаулағыш құрылғының

ені кем дегенде 3 мм түйіспе саңылауы

болуға тиіс.

• Тоқ соғуынан қорғайтын бөліктер құралсыз

ажыратуға болмайтында етіп орнатылуға

тиіс.

• Әрқашан дұрыс орнатылған, электр

қатерінен сақтандырылған розетканы

қолданыңыз.

• Электр құрылғыларын розеткаларға қосқан

кезде, қорек сымдарын құрылғының ыстық

есігіне тигізбеңіз немесе жақындатпаңыз.

• Көп істікшелі ашаларды, жалғастырғыштар

мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз. Өрт

шығу қаупі бар.

• Құрылғының арт жағындағы электр ашасы

(егер қолданылса) мен қорек сымының

жаншылып немесе бүлініп қалмағанына көз

жеткізіңіз.

• Орнатып болғаннан кейін электр

розеткасының қол жететін жерде тұрғанына

көз жеткізіңіз.

• Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан

тартпаңыз. Әрқашан ашасынан (егер

болса) тартып ажыратыңыз.

• Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе

өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

ПАЙДАЛАНУ

• Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін ғана

пайдаланыңыз. Құрылғыны коммерциялық

немесе өндірістік мақсатта қолданбаңыз.

Бұл адам жарақаттанып немесе мүлікке

зиян келмес үшін қажет.

• Жұмыс барысында құрылғыны үнемі

қадағалап отырыңыз.

• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін,

әрқашан құрылғыдан алыс тұрып ашыңыз.

Ыстық бу шығуы мүмкін. Күйіп қалу қаупі

бар.

• Бұл құрылғыны суға тиіп тұрса

пайдаланбаңыз. Құрылғыны су қолмен іске

пайдаланбаңыз.

• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат

сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.

• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, пісіру

алаңы ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар.

Пісіру алаңына темір заттарды, мысалы ас

құралдары мен кәстрөл қақпақтарын

қоймаңыз, себебі олар қызып кетеді.

• Құрылғыны пайдаланған кезде оның іші

ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар. Керек-

жарақтары мен кәстрөлдерді алып-салған

кезде қолғап киіңіз.

• Құрылғы мен оның қол жететін жердегі

бөлшектері қолдану барысында ысып

тұрады. Қыздырғыш элементтерге қолыңыз

тиіп кетпес үшін абай болыңыз. Жас

балаларды үнемі қадағалап отырмасаңыз

құрылғыдан алыс ұстау керек.

• Есікті абайлап ашыңыз. Алкоголь қосылған

қоспаларды қолданғанда, ауа мен алкоголь

қоспасы пайда болуы мүмкін. Өрт шығу

қаупі бар.

• Есікті ашқан кезде жарқыл немесе ашық

отты құрылғыға жақындатпаңыз.

• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш

зат салынған дымқыл заттарды және/

немесе балқығыш заттарды (пластмасса

немесе алюминийден жасалған) заттарды

құрылғының қасына немесе үстіне, ішіне

қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу қаупі

бар.

• Пісіру алаңын қолданып болғаннан кейін

әрқашан "off" (сөндіру) қалпына қойыңыз.

• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе

мүлде ыдыссыз пайдаланбаңыз.

• Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша

қайнатпаңыз. Бұл ыдысқа және пештің

үстіне нұқсан келтіруі мүмкін.

• Пештің үстіне зат немесе ыдыс-аяқ құласа,

оны бүлдіруі мүмкін.

• Ыстық ыдысты басқару панеліне жақын

қоймаңыз, себебі қызудың әсерінен

құрылғы бүлінуі мүмкін.

• Құрылғының эмаль қаптамасын бүлдіріп

алмас үшін, керек-жарақтарды алып-

салғанда абай болыңыз.

• Шойыннан, құйма алюминийден жасалған

не түбіне бүлінген ыдысты әрі-бері

сырғытсаңыз, пештің үстіне сызат түсуі

мүмкін.

• Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің

өзгеруі құрылғы жұмысына әсер етпейді.

• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп

немесе өңі кетпес үшін:

ҚАЗАҚ

5

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: