Техникалық күтім және қызмет – Инструкция по эксплуатации Bosch PSR 12

Страница 39

Advertising
background image

Қaзақша | 39

Bosch Power Tools

1 609 92A 0AP | (11.7.13)

таңдаңыз немесе қажет болса „Бұрғылау“ таңбасына
орнатыңыз.

Бұрғылау
„Бұрғылау“ күйінде қорғайтын
жалғастырғыш өшірілген.

Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 12 басып
тұрыңыз.

Шырақ 10 косқыш/өшіргішті 12 жартылай немесе толық
басылғанда жанып жетерлік жарықтық жағдайында бұрап
кіргізу жайын жарықтандырады.

Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 12
жіберіңіз.

Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті 12 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.

Қосқышты/өшіргішті 12 жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
артқанда айналымдар саны артады.

Жүріс тежегіші
Қосқышты/өшіргішті 12 жібергенде, бұрғылау патроны
тежеледі және осылай жұмыс құралының жүрісі
тоқтатылады.

Шуруптарды бұрап бекіткенде қосқышты/өшіргішті 12
шуруп дайындамаға біртегіс бұрап бекітілгенде ғана
жіберіңіз. Бұл жағдайда шуруптың басы дайындамаға
тартылмайды.

Пайдалану нұсқаулары

Электр құралды шурупқа тек өшірілген күйде

қойыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып
кетуі мүмкін.

Электр құралын жерге қоюдан алдын оның

тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.

Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату
үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу керек.

Металда тесіктер жасау үшін жоғары сапалы, тез кесетін
болаттан жасалған мүлтіксіз, өткірленген бұрғыларды
пайдаланыңыз. Тиісті сапаға Bosch керек-жарақтары
бағдарламасы кепілдік береді.

Үлкен шуруптарды қатты материалдарға бұрап бекіту
алдында шуруптардың ұзындығының шамамен

2

/

3

ішкі

ирек ойма диаметріне сәйкес келетін диаметрі бар тесікті
алдын ала бұрғылау керек.

Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.

Техникалық күтім және қызмет

Қызмет көрсету және тазалау

Электр құралын (мысалы қызмет көрсету,

аспаптарды алмастыру т.б.) пайдалануда және

оларды тасымалдау және сақтауда айналу
бағытының реттеушісін орта күйге жылжытыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.

Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен

желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.

Жасап шығару және бақылау әдістерінің мұқияттылығына
қарамастан электр құрал жұмыс істемесе, Bosch электр
құралдарының өкілетті сервистік орталықтарының
біреуінде жөндеу өткізу керек.

Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс
беру кезінде міндетті түрде электр құрал зауыттық
тақтайшасындағы 10-орынды өнім нөмірін жазыңыз.

Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.

Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері

Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.

Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош“
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Қазақстан
ЖШС „Роберт Бош“
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек данғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: [email protected]
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz

Кәдеге жарату

Электр құралдарды, аккумуляторларды, керек-
жарақтарды және орау материалдарын
экологиялық тұрғыдан дұрыс утилизациялауға
тапсыру керек.

OBJ_BUCH-180-004.book Page 39 Thursday, July 11, 2013 9:03 AM

Advertising