Қауіпсіз пайдаланудың ережелері және талаптары, Қауіпсіздік шаралары – Инструкция по эксплуатации Binatone NWT-920

Страница 22

Advertising
background image

22

NWT-920 (пішіні жаңғақ тәрізді негізгі
құрамы ұн мен қанттан тұратын тәтті
тағамды дайындауға арналған құрал)

Аспаптың мақсаты: Жаңғақ пісіргіш қалып үй жағдайында

«Жаңғақ» тәтті тоқашын дайындау үшін арналған.

Негізгі тұтынушы қасиеттері мен сипаттамалары:
Қорек кернеуі: 220-240 В, ~50Гц.
Тұтынылатын қуаты: 1400 Вт.
Күюге қарсы жабыны бар панелдер.
Өнім қолданыстағы техникалық регламенттерге сәйкес

сертификатталған. Өндіруші өз қалауымен және қосымша
хабарламаларсыз жиынтықты, сыртқы түрін, өндіріс елін және
модельдердің техникалық сипаттамаларын өзгерте алады.

ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУДЫҢ

ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТАЛАПТАРЫ

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

Электр тоғына түсіп қалуды болдырмас үшін

құралды, оның ашасын немесе электр сымын
суға немесе басқа сұйықтықтарға салмаңыз
.
Құралды ол суға немесе басқа сұйықтықтарға
түсіп кетпейтіндей жерге қойыңыз. Құралға су

тиіп кеткен жағдайда, оны тез арада желіден ажыратыңыз.
Суға түсіп кеткен құралды қолданбаңыз. Оны уәкілетті қызмет
көрсету орталығына апарыңыз.
Балалардың ересек адамдардың қарауынсыз құралмен жұмыс

істеуіне жол бермеңіз.
Құрал мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолдануына

арналмаған. Сонымен бірге құралды, осы нұсқаумен таныспай,
қолдануына тиім салынады.
Егер құралдың штепсельдік ашасы құрылысы жағынан Сіздің

розеткаға сай келмесе, маманнан көмек сұраңыз.
Түрлі ауыстырғыштарды қолдану құралды бұзып, кепілдікті

міндеттемелерді тоқтатуы мүмкін.
Желіге қосылған құралды қараусыз қалдырмаңыз.

Құралдың орнын ауыстырған жағдайда, оны тазалау, сақтау

алдында желіден ажыратыңыз.
Құралды ешуақыт та электр сымынан тартып желіден

ажыратпаңыз; штепсель ашасынан ұстап, розеткадан
шығарыңыз.
Электр сымының немесе құралдың өзінің қыздырылған

бұйымдарға тимеуін қадағалаңыз.
Құралды және электр сымын ешкім де, абайсызда іліп кетіп,

құралды құлатып алмайтындай орналастырыңыз.
Электр сымы немесе штепсель ашасы бұзылған құралды

қолданбаңыз. Құралды өздігіңізбен жөндеуге тырыспаңыз.
Құралды ешуақытта өздігіңізбен бөлшектемеңіз; оны дұрыс

жинамау құралды келесі қолдану кезінде электр тоғына түсіп
қалу қаупін туғызуы мүмкін.
Ақаулық анықталған жағдайда, уәкілетті сервис орталығына

хабарласу қажет.

Advertising