Қоңырау шалу, Қоңырау параметрлерін өзгерту, Қоңыраулар журналын тексеру – Инструкция по эксплуатации LG A100

Страница 75: Контактілер тізімінен қоңырау шалу, Қоңырауға жауап беру және қоңырауды қабылдамау

Advertising
background image

6

КЕҢЕС! Қоңырауларға басқа жолдармен жауап беру үшін, телефон

параметрлерін өзгертуге болады. Ол үшін,

Мәзір пернесін басып,

алдымен

Параметрлер, одан кейін Қоңырау тармағын таңдаңыз.

Сол жерден,

Жауап беру режимі параметрін таңдап, Any key (Кез

келген перне) немесе Send key only (Тек жіберу пернесі) параметрін

таңдаңыз.

Кез келген перне – қоңырауға кез келген пернені басып жауап

беруге болады.

Тек жіберу пернесі – қоңырауға тек Жіберу пернесімен жауап

беріледі.

Қоңырау параметрлерін өзгерту

Мәзірді қоңырауға байланысты орнатуға болады. Ол үшін,

Мәзір пернесін басып, алдымен Параметрлер, одан кейін

Қоңырау тармағын таңдаңыз.

Қоңырауды бұру – қоңырауларды бұру әдістерін таңдайды.

Қоңырауды күттіру – осы мүмкіндікті іске қосуға немесе одан

бас тартуға арналған.

Қоңыраулар журналын тексеру

Барлық, жауапсыз, терілген, қабылданған қоңырауларды және

олардың ұзақтығын тексеруге болады. Қоңырау шалынған

күн және уақыт ақпаратымен бірге нөмір және контакт аты

(болса) көрсетіледі. Қоңырау қанша рет шалынғанын да көруге

болады. Мәзір пернесін басып, Қоңыраулар журналы тармағын

таңдаңыз.

Қоңырау шалу

1 Пернетақтаны пайдаланып, нөмірді теріңіз.

2 Қоңырау шалу үшін пернесін басыңыз.

3 Қоңырауды аяқтау үшін пернесін басыңыз.
КЕҢЕС! Халықаралық қоңырау шалған кезде, «+» таңбасын

енгізу үшін,

0 пернесін басып тұрыңыз.

Контактілер тізімінен қоңырау шалу

1 Мекенжай кітапшасын ашу үшін, (жоғары) пернесін

басыңыз.

2 Пернетақтаны пайдаланып, қоңырау шалынатын контакт

атының бірінші әрпін енгізіңіз.

3 Контактілер тізімі бойынша жылжу үшін, жоғары және төмен

жылжу пернелерін пайдаланыңыз. Ал олардың нөмірлері

арасында жылжу үшін, солға және оңға жылжу пернелерін

пайдаланыңыз.

4 Қоңырау шалу үшін, пернесін басыңыз.

Қоңырауға жауап беру және қоңырауды

қабылдамау

Қоңырау келгенде, оған жауап беру үшін,

Қабылдау пәрменін

таңдаңыз немесе пернесін басыңыз. Қоңырау үнін өшіру

үшін, шырылдап тұрған телефонда

Үнсіз параметрін таңдаңыз.

Бұл жиналысқа кіріп,

Үнсіз параметрін орнатуды ұмытқанда өте

қажетті функция болып табылады.

Келген қоңырауды қайтару үшін, пернесін басыңыз немесе

Қайтару пәрменін таңдаңыз.

Advertising