Сақтық шаралары, Абайлаңыз – Инструкция по эксплуатации Canon PowerShot SX230 HS

Страница 74

Advertising
background image

4

Камераны пайдалану алдында міндетті түрде төменде берілген қауіпсіздік техникасының
ережелерін оқып шығыңыз. Камераны дұрыс қолдану ережелері қатаң сақталу керек.

Келесі беттерде қарастырылатын сақтық шаралары Сізді жəне басқа адамдарды
жарақаттанудан, ал құрылғыңызды зақымданудан қорғайды.

Сонымен қатар, міндетті түрде қолданылатын барлық қосалқы құралдардың жинаққа
кіретін нұсқаулықтарын оқып шығыңыз.

Абайлаңыз!

Ауыр жарақат алу, тіпті өліп кету қаупі бар екенін

көрсетеді.

Жарқылдақты адамдардың көздеріне жақын қашықтықта пайдалануға болмайды.

Жарқылдақтан шығатын қарқындылығы жоғары жарық əсері көру қабілетінің нашарлауына
апаруы мүмкін. Əсіресе, балаларды түсіргенде, арақашықтық 1 метрден кем болмау керек.

Құрылғыны балалар мен жасөспірімдердің қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Бау: бала мойнына тағып алса, тұншығып қалуы мүмкін.

Тек ұсынылған қуат көзін пайдаланыңыз.

Құрылғыны бөлшектеуге, өзгертуге немесе қыздыруға болмайды.

Құрылғыны құлатып немесе соғып алмаңыз.

Құрылғы құлап қалса немесе басқаша зақымдалса, қауіпсіздік мақсатында оның ішкі
бөлшектерін ұстамаңыз.

Құрылғыдан түтін шығып тұрса, бөтен иіс шықса немесе дұрыс істемесе, оны
пайдаланбаңыз.

Жабдықты спирт, бензин немесе бояу еріткіші сияқты органикалық еріткіштермен
тазалауға болмайды.

Құрылғыға су (мысалы, теңіз суы) немесе басқа сұйықтық тимеу керек.

Камераның ішіне сұйықтық немесе бөтен заттар кіріп кетпесін.

Ток соғу немесе өрт шығу қаупі бар.
Камераның ішіне сұйықтық немесе бөтен заттар кіріп кетсе, оны дереу өшіріп, аккумуляторды
шығарыңыз.
Зарядтау құрылғысы суланса, дереу электр розеткасынан суырып, камераның таратушысына
немесе Canon компаниясының тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Тек ұсынылған аккумуляторды пайдаланыңыз.

Аккумуляторларды ашық оттың жанында қалдырмаңыз жəне отқа тастамаңыз.

Қуат кабелін уақытылы ток көзінен ажыратып, штепсельдік ұшта, электр
розеткасының ішкі бетінде жəне оның айналасына жиналып қалған шаң мен кірді
құрғақ шүберекпен сүртіп тұрыңыз.

Қуат кабелін су қолмен ұстамаңыз.

Құрылғыны пайдаланғанда, оның қуаты электр розеткасының немесе
байланыстырушы сымдардың номиналды жүктелу қабілетінен аспауын
қадағалаңыз. Қуат кабелі немесе штепсельдік ұшы зақымданған құрылғыны
пайдаланбаңыз жəне штепсельдік ұштың розеткаға толық кіріп тұруын қадағалаңыз.

Темір заттарды (мысалы, түйреуіш немесе кілт) түйіспелерге немесе штепсельдік
ұшқа тигізбеңіз жəне түйіспелер мен штепсельдік ұштың таза болуын қадағалаңыз.

Жарылыс орын алуы немесе аккумулятордан электролит ағып, ток соғуы немесе өрт шығуы
мүмкін. Бұл өз кезегінде жарақат алу жəне қоршаған ортаның зақымдануына себеп болуы
мүмкін. Аккумулятордан ағып шыққаннан электролит көзге, ауызға, теріге немесе киімге тисе,
оны дереу сумен шайып тастаңыз.

Сақтық шаралары

Advertising